Жарық дүниеге қайта келгендей болған жандар донорларға алғыс айтады

Алматыда қызы анасына, ал әпкесі сіңлісіне екінші өмір сыйлады. Жарық дүниеге қайта келгендей болған жандар донорларға алғыс айтады. Мейірімділік пен махаббаттың жаршысы болған мереке – Алғыс айту күні қарсаңында бір ағзаны тең бөліскендермен аймақтағы тілшіміз тілдесті. Әтіркүл Есанқызы - көпбалалы ана, ұлағатты ұстаз. «Биыл өмірге қайта келгендей болдым»,- дейді. Осыдан 7 жыл бұрын оған бауыр циррозы диагнозы қойылған. Қажетті ем-домды алғанымен, жағдайы күн санап нашарлай беріпті. Ақыры Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына табан тіреп, бауыр алмастыруға бел байлады. Ал донор – өзінің кенже қызы. Бір апта бұрын күрделі отадан шыққан әйелдің жүрісі тың. «Егде жасқа келгенде осындай сынақтан қиындықсыз өтуім дәрігерлердің арқасында» дейді ол. Әтіркүл ЕСАНҚЫЗЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен «Керегі жоқ, Құдайдың берген өмірін сүремін, сендерді инвалид жасамайын» дедім. Бала – шағам қоймады «Сіз өмір сыйлағанда, бауырымызды сыйламай не болыпты» деп. Бәрі келісіп алып келді. Бәріміз тапсырдық. Осы кіші қызымдікі дұрыс келді. Бәрі жақсы шықты Аллаға шүкір. Ақ халатты абзал жандар қызымыз екеумізді қайта дүниеге алып келген деп есептеймін. Осыларға үлкен, шексіз алғысымды айтамын. Ал 33 жастағы Гауһар Құлшаева туған әпкесінің арқасында қайта дүниеге келіпті. Бір ай бұрын әпкесі оған өз бауырының 60 процентін берген. Қатар өскен әпкелі-сіңлілер қазір дәрігерлердің бақылауында. Гауһар ҚҰЛШАЕВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: «Бауырды ауыстыру керек» деген кезде, ол мен беремін» деп сразу айтқан. Тексеріліп, тура түсті. Шүкір, қазір жақсымын. Әпкеме алғысымды білдіремін. Ешкімнің қолынан келе бермейді. Өзінің органын біреуге беру деген оңай емес. Осы жердегі докторларға да алғысымды білдіремін өмір сыйлап, қайта қалпыма келтіргеніне. Мереке қарсаңында дүйім жұрт біріне-бірі жылы лебізін білдіріп, алғыстарын жаудыруда. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Ең алдымен ата-анама, содан соң достарыма алғыс білдіремін. - Ата-ана, бауырларымызға, жақын жаңдарымызға, мұғалімдерімізге сабақ берген. - Жолдасыма, балаларыма алғыс айтамын. Рақмет бәріне. - Барша қазақ еліне, жалпы осы елімізде бейбіт аспан астында, ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымызға алғыс айтамыз. Мөлдір ЖАҚАН, ТІЛШІ:  Иә, біреудің шынайы алғысына бөленіп, басқаға да ықылас-ниетін жеткізе алу да- бір бақыт. Халқымыздың «Алғыс алған арымас» деген дана сөзі осының белгісі болса керек. Осы орайда мен де өзімнің туған-туыс, дос-жарандарыма және, әрине, анашыма шексіз алғысымды білдіргім келеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған қылмыстық топ анықталды
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Алматының Түрксіб ауданында жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Disney студиясының «Моана 2» фильмі қазақ тілінде көрсетіледі
БАӘ-де иеленген марапат жүлдесін Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегеноваға арнады
Доллар, сен неден күшті болдың?
Қарашаның 29-на жасалған ауа райы болжамы
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
Павлодар облысында әкім қызметтік көлікті масаң күйде жүргізген
208 мың теңге: қазақстандықтарға арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған қылмыстық топ анықталды
Ақмола облысында ер адам далада кішкентай баланы аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
СҚО-да жеңгетайлықпен айналысқан отбасы мүшелері сотталды
Ақмолада ер адам ұлымен төбелескен баланы ұрып тастаған
Кәсіпкер Бақыт Ибрагим өлімі: полиция істі тоқтатты
Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады
1 желтоқсаннан бастап не өзгереді?
Елордада алғаш рет сәбилерге бауыр ауыстыру отасы жасалды
Шөл далада жоғалып кеткен турист бір айдан соң аман-есен табылды
“Дүниеге қыз келді!“ Баян Мақсатқызы тағы бір қуанышын бөлісті
208 мың теңге: кімдерге арнаулы әлеуметтік төлем төленеді?
Перизат Қайраттың ісіне блогерлердің қатысы бар ма?
Ғани Бисембаев Абай облысының үздік педагогтарына баға берді