Жарылысқа қатысы бар деп танылған сарбаздар 13 жылға сотталды

Байзақ ауданындағы жарылысқа кінәлі деп танылған сарбаздар 13 жылға сотталды. Шымкент қаласы әскери гарнизоны сотында атышулы оқиға бойынша аппеляциялық кеңесінің шешімі тыңдалды. Ал экс-әскерилер үкімі онлайн режимде оқылды. Бұл туралы otyrar.kz. хабарлайды.  Жамбыл облысынына қарасты Байзақта орын алған жарылысқа қатысты апелляциялық сот шешімі шықты. Бұған дейін 9 жылға бас бостандығынан айырылған қос сарбазға сот тағы 4 жыл қосып берді. Сотталушылар өз кінәсін мойындамай істі қайта қарауға бергенмен, жаңа жазаны судьялар одан сайын қатаңдатқан. Сонымен қатар олар мемлекетке келтірілген 24 млрд. теңге шығынды өтеп беруге міндеттелді. «ҚР ҚК-тің 58 бабы 3 бөлігіне сәйкес жазаларды ішінара қосу арқылы Тұрановқа түпкілікті 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазаны қауіпсіздігі орта мекемеде өтеу белгіленсін», – дейді ҚР Әскери сот алқасының төрағасы Жандос Мұсабекұлы. Осылайша Отан алдындағы борышын өтеуге барған азаматтар темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. «Өзгенің кінәсін өз мойнымызға ілді» деп санайтын сотталушылар сот залында бұл шешіммен келіспейтінін жеткізді. «13 жылға бас бостандығымнан айырып жіберді. Бұл не үшін? Әділетсіз бәрі. Қазақстанда тұрып өзіміз әділетке қол жеткізе алмаймыз ба?», – дейді сотталушы. Ал жазасын жеңілдетеді деп тағатсыздана күткен қос жігіттің анасы бұл шешіммен келіспейтінін айтады. Олар үлкен әскери бөлімде оқ-дәрі сақталған қоймада болған жарылысқа қатардағы сарбаздарды кінәлау ақылға сыймайды дейді. «Біз ешқандай да келіспейміз бұл шешіммен. Жаңа Қазақстан дейді. Қайда жаңа Қазақстан? Аманатқа қиянат қой бұл. Бұдан кейін баламызды қалай әскерге сеніп жібереміз?! Біресе ауру қылады, өлтіреді, псих қылады. Сөзім жоқ айтуға», – дейді сотталушының анасы Алмагүл Асанова. «Шындықты айтам деп балам 13 жыл арқалап кетті. Біз Астанадан келген судьялар анығын шығаратын шыған деп ойладық. Кінәлі еместігінің айдан анық дәлелін де көрсеткенбіз. Шығарған шешімі мынау болды. Кімге сенеміз сонда?! Бұдан кейін баламды әскерге ешқашан жібермеймін», – дейді сотталушының анасы Жанар Қадырова. Сотталушылардың заңгері жігіттердің кінәсі тергеу барысында анықталмағанын айтады. Сондықтан да аппеляцияға өтініш тастаған. Ол әскери борышын өтеп жүрген 2 азамат бүгін негізсіз сотталды деп санайды. «Бұл істе әділдік болмады. Алқадағы сотта үш сот отырды. Осылардан әділдік күттік біз. Ешқандай әділдік болмады. Бұл қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу кезінде де, бірінші инстанциядағы сот болған кезде де ешқандай дәлел болмады. Менің қорғауымдағы Тұранов пен Әшірбайды соттауға. Ешқандай негіз, ешқандай дәлел болмады. Сонда да соттап жіберді», – дейді заңгер Абзал Өмірәлі. Айта кетейік, бұған дейін аталған іс бойынша 2 жауынгер «Бөтеннің мүлкін қасақана жою және бүлдіру» бабымен 9 жылға сотталса, 4 офицер сот шешімімен ақталған еді. Күдіктілер мен прокуратура арызымен қайта қаралған апелляциялық кеңесте жазадан босатылған 2 әскери де 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Brain drain немесе білімді қазақ жастарының шетелге имиграциялануының сыры неде?
Ливан қарулы күштерінің бас қолбасшысы елдің президенті болып сайланды
14 жастағы түркістандық бала әлемдік рекордты жаңартпақ
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады