Қартаюды тоқтату мүмкін емес, бірақ оны баяулатуға болады. Өз жасыңыздан жас көріну үшін тері жағдайын жақсартатын өнімдер қолдану керек.Massaget.kz іштей белсенді қоректендіретін және ерте қартаюдың алдын алатын 10 өнімді ұсынады.1. ҚаражидекЖидектер А және С дәруменіне бай. Олардың құрамында теріні күйзелістен, атмосфералық ластықтан және күн сәулесінен қорғайтын антоциан антиоксиданттары бар.2. Тәтті картопТәтті картоптың құрамында бета-каротин көп. Ол А дәрумені ретінде белгілі. Ол жасушалық зат алмасуды арттырады, сондықтан тері сау әрі жас көрінеді. Сондай-ақ тәтті картоп С және Е дәрумендеріне бай. Бұл дәрумендер тері түсін тегістейді және теріні бос радикалдардан қорғайды.3. Қызыл болгар бұрышыБұл көкөністің құрамында пайдалы элементтер көп. Антиоксиданттар қартаю белгілерімен күреседі, каротиноидтар қабынуға қарсы әсерге ие, ал С дәрумені коллаген бөлінуін ынталандырады.4. АнарАнар жемісінде пуникаголин және С дәрумені бар. Олар бос радикалдарды ыдыратады, коллаген синтезін жылдамдатады және теріні безеуден тазартады.5. СарымсақСарымсақ табиғи детокс ретінде жұмыс істейді. Ол антибактериялық әсерге ие және тері жастығын сақтайтын аллициннің көзі.6. Қара шоколадҚара шоколад әжімнің ерте пайда болуының алдын алады. Шоколад құрамына кіретін какао-атбас бұршақтарында флавонол бар. Бұл күн сәулесінің жағымсыз әсерін бейтараптандыратын қосылыс.7. БрокколиОрамжапырақтың бұл түрі А, С және К дәрумендеріне, кальций, фолий қышқылы және жасұныққа бай. Олар теріге өте пайдалы.8. ҚызанақҚолжетімді бұл көкөніс - қартаюды баяулататын тиімді өнім. Оның қанық қызыл түсі ликопинмен түсіндіріледі. Бұл зат теріні серпімді етеді.9. АвокадоОның құрамына қоректік заттар көп: онда A, E, C, K дәрумендері, В тобының барлық дәрумендері, калий, магний және уыттардан қорғайтын каротиноидтар бар.10. ЖаңғақтарЖаңғақтардың басты құндылығы – олардың омега-3 майлы қышқылдарға бай болуы. Сондай-ақ олар Е дәруменіне бай. Олар тері құрылымын қалыпқа келтіреді, оны ультракүлгін сәуледен қорғайды және қабынудан болатын залалды азайтады.