«Жас сарбаз – патриоттар ордасы» әскери-далалық жиынының ашылуы өтті

Биыл -халық қаһарманы, бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл. Осыған орай «Жас сарбаз – патриоттар ордасы» атты әскери-далалық жиын ұйымдастырылды. Шара үш күнге созылады. Жиында мектеп оқушылары мен колледж студенттері түрлі физикалық және логикалық жаттығулар бойынша сынға түсіп, жеңімпаз команда «Айбын» халықаралық әскери жиынында ел намысын қорғайды. Келешегін әскери өмірмен байланыстырғысы келетін өрендер үшін бұл жиынның маңызы зор. Ұландатқан ұрандар ертемен сап түзеп алаңға жиналды. Олар алдағы үш күнде өзара үздіктерді анықтап, сынға түседі. Әскери-спорттық және әскери-қолданбалы спорт түрлерінің жарыстарына дене шынықтыру жаттығулары, әскерилендірілген эстафета, АК-74-ті толық емес бөлшектеу және құрастыру, пневматикалық мылтықтан ату, газтұмылдырық пен жалпы әскери қорғаныс жиынтығын кию нормативтерін орындау кіреді. Осы арқылы қатысушылар әскери өмірдің қыр-сырымен жақынырақ танысады.Самат ИБРАЕВ,  ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Әскери-далалық физикалық сайыстар арқылы қатысушыларды жыл сайын өтетін Айбын әскери-сарбаздар жиынына әзірлеп жатырмыз. Осындай түрлі іскери іс-шаралар арқасында жас ұрпақтың әскери өмірге деген қызығушылығын ояту -басты мақсатымыз. Қатысушылар барлық тапсырмаларды тәлімгерлердің жіті қадағалауымен орындайды. Сондай-ақ олар алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберліктерін шыңдайды. Командалар арнайы сыйлықтармен марапатталады Айдархан МАХАМБЕТ, ҚАЛАЛЫҚ «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Дала жиынында ауыспалы кубок бар. Сол кубоктың иегері атанады, жеңімпаз команда. Сонымен қатар әр қатысушы жаңағы медальмен, алғыс хаттармен, сыйлықтармен жас сарбаз қозғалысының эпикировкамен марапатталады. «Жас сарбаз - патриоттар ордасы » Қазақстан әскерінің имиджін арттыруға , әскери-қолданбалы және техникалық спорт түрлерін танымал етуге, әскери қызмет өткеру кезінде қажетті дағдыларды қазірден қалыптастыруға ықпал етеді,-дейді мамандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан