Жасанды интеллект болашақта 8 миллионға жуық британиялықты жұмыссыз қалдырады. Сарапшылар арнайы зерттеу жүргізіп, осындай қорытындыға келді. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Жаңа технологиялар, әсіресе, әйелдерді және жас мамандарды нәпақасынан айыруы мүмкін. Жоғары жалақы алатындарға төніп тұрған қауіп тіпті орасан. Жергілікті үкімет те, компаниялар да еңбек өнімділігін арттыру үшін нейрондық желілерге сеніп отыр. Егер үкімет, жұмыс берушілер және кәсіподақ ұйымдары маңызды шешім қабылдап, жаңа технологияларды басқара алатындықтарына кепілдік бермесе, жаппай жұмыссыздық белең алуы ықтимал. Карин Кимброу, зерттеуші: Әйелдер мен жастардың жаңа технологиялармен ығыстырылу қаупі жоғары. Үкімет кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер ұсынып, автоматтандыруға келе бермейтін жұмыс орындарын көбейтуі керек.