Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма?

Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма?

Болашақта қолмен жазылған үй жұмысын компьютер арқылы танып, автоматты түрде бағалайтын құралдар да пайда болады.Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма? Жасанды интеллект алдағы 5 жылда еңбек нарығын түбегейлі өзгертеді. Бұл туралы Дүниежүзілік экономикалық форум хабарлады. Ұйымның болжамы әлемдегі ең ірі жұмыс берушілер арасында жүргізілген сауалнама деректеріне негізделген. Зерттеуге әлем елдерінен 27 сала мен 45 экономика бағытын қамтитын 11 млн-нан аса адам жұмыс істейтін 803 компания қатысқан. "Жұмыс берушілер 69 млн жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіледі. Бірақ одан да көп - 83 млн жұмыс күші қысқарады", – деп жазылған. Технологиялар алмастыратын мамандықтар тізімінде: есепші, копирайтер, дизайнер бар. Бұл тұста сарапшылар арасында "жасанды интеллект мектептегі мұғалімді алмастыра ала ма?" деген сауалға қатысты пікірталас туындады. Аталған сауалдың жауабын inbusiness.kz тілшісі іздеп көрді. ЖИ жеке оқытушының қызметін атқарады Бүгінде кремний алқабында Meta компаниясының жасанды интеллект бағытында жұмыс істейтін жас ғалым Арман Жармағамбетовтың айтуынша, бұл білім саласында ең бірінші жеке оқыту бойынша мәселелерді шеше алады. "Мысалы, оқушы математиканы оқығанда немесе ҰБТ-ға дайындық барысында есептерді дұрыс шеше алмаса, ЖИ жеке оқытушының қызметін атқарады. ChatGPT тәрізді оқушымен диалог құрып, қиын есебін оңай жолмен шешуге көмектеседі немесе оқушының түсінбеген тақырыптарын қайта үйретуге тырысады. Яғни, әр баланы персоналды оқытуға мүмкіндік бар. Ал мұғалімнің бір сыныптағы 30 баланы олай жеке оқытуға уақытының да, күшінің де жетпейтіні анық", – дейді маман. Жаңа технология мұғалімнің көмекшісіне айналады Бұл ретте Арман Жармағамбетов жасанды интеллектінің екінші бір пайдалы тұсын атап өтті. "Ол бейімдеп оқыту. Әр оқушының үлгерімі, қабілетіне қарай бағдарламаны өзгертіп отыруға болады. Сабақ үлгерімі өте жақсы және нашар баланың деңгейі әртүрлі екені түсінікті. Жасанды интеллект көмегімен оқу бағдарламасын деңгейіне қарай бөліп оқыту мүмкіндігі бар. Оқушылардың үй жұмысын тексеру, баға қою – көп уақыт алатын жұмыс. Жасанды интеллект осы мәселеде мұғалімнің көмекшісі болады. Оқушының жұмысын толық бағаламаса да, дұрыс не дұрыс емес жауаптарға талдау жасап береді. Болашақта қолмен жазылған үй жұмысын компьютер арқылы танып, автоматты түрде бағалайтын құралдар да пайда болады", – дейді сарапшы. Заманауи технологияның тағы бір пайдасы - сабақты геймификация әдісі арқылы қызықты өткізуге көмектеседі. Егер мұғалімнің қиялы жетпесе, аталған бағдарлама физика, математика тәрізді жаратылыстану пәндерін балаларға барынша қызықты етіп түсіндіру үшін түрлі ойындар ойлап табады. Оны гуманитарлық пәндерді оқытуда да қолдануға болады. Осылайша жаңа технологиялар сабақ күнтізбесін құру, мұғалімдердің жүктемесін теңдей бөліп беру, пәндер тізімін реттеу тәрізді әкімшілік жұмыстарды атқарып, меңгерушінің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар ол әр оқушының бағаларына, тоқсандық үлгеріміне талдау жасайды. Былайша айтқанда, әр оқушының білім деңгейін талдап, мұғалімге есеп дайындап береді. Оқушы мен мұғалімнің арасында эмоционалдық байланыс болуы шарт Алайда кремний алқабында еңбек ететін маман оқушы мен мұғалімнің арасында эмоциялық, психологиялық байланыс жағын жоққа шығармады. "Әрине, ЖИ мұғалімді толығымен алмастыра алмайды. Жоғарыда айтқан сараптама, персоналды оқыту, жүйе құру тәрізді техникалық тұрғыдан жасалатын дүниелерді орындайды. Бірақ білім беру тек бұл элементтерден тұрмайды ғой. Оқушы мен мұғалімнің арасында эмоциялық, психологиялық байланыс болу керек. Оны ЖИ орындай алмайды", – деді маман. Компьютерлік бағдарлама тақырыпты түсіндіргенімен оқушы дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Ал мұғалім дауысын құбылтып, мысалдар келтіріп дәл сол тақырыпты өзінің әдісі арқылы оқушыға жеткізеді. Керек жерінде оқушыны көтермелеп, мақтап, керек жерінде тәртіпке салады. Оны ЖИ жасай алмайды. Одан бөлек моральдық, этикалық, философиялық кейбір сұрақтарға машина жауап бере алмауы мүмкін. "Сондықтан жуырда жаңа технология мұғалімді алмастыра алмайтыны анық, тек оның жұмысын жеңілдететін құрал ретінде қарауға болады", – деп атап өтті Арман Жармағамбетов. ЖИ адамды алмастырады деуге әлі ерте Машиналық оқыту бойынша сарапшы, Qalan жобасының ML инженері Уәлихан Керімқұл жасанды интеллект адамды алмастырады деуге әлі ерте екенін айтады. "Мұғалімдер оқушыға жылы қарайды. Бір саннан қате кетсе, көк сиямен жөндеп, "Жарайсың!" деп қолдап жібереді. Ал компьютерде аяушылық сезімі жоқ. Қателессе, айыппұл салады. Жасанды интеллект адамды алмастырады деуге әлі ерте. Қазір ол мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, сапалы жұмыс істеуге көмектесуде деген жөн", – деп есептейді сарапшы. Оның пікірінше, мықты мұғалімді жаңа технология алмастыра алмайды. Себебі, нағыз ұстаздың негізгі қызметі тәлім-тәрбие беру және сол пәнге деген шәкіртінің қызығушылығын ояту. Бұл тек адами қарым-қатынас кезінде пайда болады. "Әлбетте ЖИ мұғалімнен артық сабақ жоспарын құруы, не болмаса жақсы бір есептің шешімін тауып беруі мүмкін. Алайда, тек сабақ жоспарын құрып, соны әңгімелеп беріп жүретін мұғалімдер көп. Ондай мұғалімдерді машина емес, кітап та алмастыра алады", – деген инженер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ЖИ-дің артықшылығын атады. "ЖИ арқылы сабақ түсінуде қиналатын оқушылармен жұмыс істеуге болады. Мәселен, сөйлей алмайтын, ести алмайтын адамдар үшін "speech to text", "text to speech" деген құралдар бар. Олар мұғалімнің дәрістерін автоматты түрде соларға ыңғайлы етіп дайындап береді. Одан бөлек ЖИ арқылы үлкен ресурстарды аудара аламыз. Біз қазір қазақ, орыс тіліндегі материалдарды түсінеміз. Бірақ ағылшын тіліндегі ғылыми материалдар, кітаптар қаншама. Әлемнің үздік профессорларының, мұғалімдерінің дәрістерін аударып, дайындап береді. Әрине, оқушы өзі аударса болатын шығар, бірақ ЖИ арқылы ол жылдам болады", – деп түйіндеді машиналық оқыту бойынша сарапшы.

15 жастағы әке өз баласын өлтірмек болған
15 жастағы әке өз баласын өлтірмек болған
  • baq.kz
2 наурызға арналған валюта бағамы
2 наурызға арналған валюта бағамы
  • turkystan
«Бетінен ұрып, ернін жарып жіберген»: Ақтөбеде банкоматта кезекте тұрып, әйелді ұрған бойжеткен сотталды
«Бетінен ұрып, ернін жарып жіберген»: Ақтөбеде банкоматта кезекте тұрып, әйелді ұрған бойжеткен сотталды
  • sn.kz
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
Шаңғы түрлерінен әлем чемпионаты: Ерлердің нәтижесі
  • sport12.kz
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
Қызыл пияз - мықты антиоксидант
  • aqshamnews
Ең нашар газет – өте сыпайы газет
Ең нашар газет – өте сыпайы газет
  • aqshamnews
Оразаның ғибраты
Оразаның ғибраты
  • aqshamnews
  Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 9 пайдалы кеңес
Алғаш рет ораза ұстаушыға арналған 9 пайдалы кеңес
  • aikyn
  «Аспиринді кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне бол­майды» – кардиолог
«Аспиринді кез келген адам «қаным қою» деп өздігінен ішуіне бол­майды» – кардиолог
  • aikyn
Алматыда су жаңа көліктер өртеніп кетті
Алматыда су жаңа көліктер өртеніп кетті
  • baq.kz
Несие алуға «қоңырау арқылы» тыйым салуға болады
Несие алуға «қоңырау арқылы» тыйым салуға болады
  • aqshamnews
Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбайтын болды
Израиль Рамазан айында Газаға күш қолданбайтын болды
  • baq.kz
  Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингтік турнирде алтын медаль жеңіп алды
Жәмилә Бақбергенова әлемдік рейтингтік турнирде алтын медаль жеңіп алды
  • aikyn
БҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
БҚО-да су тасқынының алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр
  • el.kz
Астанада пәтерде жалғыз қалып қойған үш жасар қыз құтқарылды
Астанада пәтерде жалғыз қалып қойған үш жасар қыз құтқарылды
  • azattyq-ruhy
8 Наурыз: Қыздарға қалай қарапайым әрі әсерлі сыйлық жасауға болады?
8 Наурыз: Қыздарға қалай қарапайым әрі әсерлі сыйлық жасауға болады?
  • baq.kz
Қазақстанда барлығы қанша тұрғын үй бар?
Қазақстанда барлығы қанша тұрғын үй бар?
  • el.kz
  «Кейде сырласуға білімім жетпейтін сияқты»: Дастан Оразбеков жұбайын әбден мақтады (видео)
«Кейде сырласуға білімім жетпейтін сияқты»: Дастан Оразбеков жұбайын әбден мақтады (видео)
  • aikyn
«Отанына оралуға ниеті жоқ»: Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар
«Отанына оралуға ниеті жоқ»: Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар
  • sn.kz
Атырауда ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
Атырауда ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
  • baq.kz
Қазақстанның су добынан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде алды
Қазақстанның су добынан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола жүлде алды
  • azattyq-ruhy
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 33 жыл толды
  • el.kz
  Бір үйір жылқыға кезіккен ерлі-зайыпты апатқа ұшырап, көз жұмды
Бір үйір жылқыға кезіккен ерлі-зайыпты апатқа ұшырап, көз жұмды
  • aikyn
«Странджа» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды
«Странджа» турнирінің жеңімпаздары белгілі болды
  • el.kz
Специальным гостем Metaratings Top Awards в Алматы станет легенда футбола Кафу
Специальным гостем Metaratings Top Awards в Алматы станет легенда футбола Кафу
  • Smi24
UFC жұлдыздары Қазақстанға келе ме?
UFC жұлдыздары Қазақстанға келе ме?
  • sport12.kz
Қазақстандық спортшы көркем жүзуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшы көркем жүзуден әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
  • turkystan
Ұлттық ұланның үздік шаңғышылары анықталды
Ұлттық ұланның үздік шаңғышылары анықталды
  • el.kz
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін алған гонорары белгілі болды
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі үшін алған гонорары белгілі болды
  • penalty
"Странджа кубогы-2025: Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан арасында алты финал өтеді
"Странджа кубогы-2025: Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан арасында алты финал өтеді
  • penalty
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталды (ВИДЕО)
  • penalty
Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюті қашан өтетіні белгілі болды
Дияр Нұрғожай UFC-дегі дебюті қашан өтетіні белгілі болды
  • penalty
Неге Қазақстанда Финляндия мен Францияға қарағанда жұмыссыздар аз? Еңбек министрлігі жауабы
Неге Қазақстанда Финляндия мен Францияға қарағанда жұмыссыздар аз? Еңбек министрлігі жауабы
  • TengriNews
ҰҚК қазақстандықты ұстады
ҰҚК қазақстандықты ұстады
  • TengriNews
Темекі тастап, түкірген 300-ден астам қостанайлық жауапқа тартылды
Темекі тастап, түкірген 300-ден астам қостанайлық жауапқа тартылды
  • qaz365.kz
Жол ережесін мүлде бұзбайтын таксист: Атыраулық 74 жастағы әже көпке үлгі болды
Жол ережесін мүлде бұзбайтын таксист: Атыраулық 74 жастағы әже көпке үлгі болды
  • qaz365.kz
Ұшақ бортына кондитерлік өнімдерді алып кіруге бола ма?
Ұшақ бортына кондитерлік өнімдерді алып кіруге бола ма?
  • TengriNews
Ғалымдар 2024 YR4 астероидының құлау траекториясын нақтылады
Ғалымдар 2024 YR4 астероидының құлау траекториясын нақтылады
  • TengriNews
Әлемде: Трамп АҚШ-қа көшуге арналған "алтын карталарды" енгізбек, DeepSeek жаңа ЖИ моделін шығарады
Әлемде: Трамп АҚШ-қа көшуге арналған "алтын карталарды" енгізбек, DeepSeek жаңа ЖИ моделін шығарады
  • baq.kz
ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді
ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді
  • baq.kz
«Өмірде бәрі болады, бір жылап алдым»: Айнұр Тұрсынбаева отбасындағы келеңсіз жағдаймен бөлісті
«Өмірде бәрі болады, бір жылап алдым»: Айнұр Тұрсынбаева отбасындағы келеңсіз жағдаймен бөлісті
  • sn.kz
«Келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той
«Келінді болып, қызымызды алып кететін сәт келді»: Ақбота Керімбекованың шаңырағында ұлан-асыр той
  • sn.kz
Атырауда Алғыс айту күні аталып өтті
Атырауда Алғыс айту күні аталып өтті
  • el.kz
«GULDER» ансамблінің гала-концерті өтті
«GULDER» ансамблінің гала-концерті өтті
  • el.kz
Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
Атырауда қараусыз қалған ғимараттан ер адамның мәйіті табылды
  • turkystan
Елімізде бүгінге дейін 14 сәби пойызда дүниеге келген
Елімізде бүгінге дейін 14 сәби пойызда дүниеге келген
  • almaty_tv
Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды
Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды
  • turkystan
Алматы – Бішкек тас жолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді
Алматы – Бішкек тас жолында жаңа көліктер тиелген автовоз өртенді
  • turkystan