Жаслан Мәдиев Мусиннің орнына Цифрлық даму министрі болды

Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлады Ақорда. Айта кетейік, бұған Мәдиев осы министрлікте бірінші вице-министр қызметін атқарған. Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Альянс Банк» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған. 2007-2008 жылдары — «Қазына» тұрақты даму қоры» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары — «KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2010-2014 жылдары — «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды. 2017-2018 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті. 2018 жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды. 2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі. 2020 жылғы қазаннан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда ҚТЖ филиалының басшылық құрамы жемқорлық үшін сотталды
Қостанайда ҚТЖ лауазымды тұлғалары жемқорлық үшін сотталды
«AMANAT» партиясының кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы Қазығұрт ауданында өтті
Шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды
Туристер мінген автобус апаты: Жүргізуші қамауға алынды
"Қысқасы, жүзіп жүрміз". Екібастұзда дәріхана мен көшені ыстық су басып қалды
Риддерде көлік аударылып, жүргізуші салонда қысылып қалды
Қостанай облысында судан зардап шеккендер баспаналы болды
БҚО-да анасын өлтірген тұрғынға сот үкімі шықты
"17 жыл күткен мәһр". Танымал актрисаның күйеуі жұбайына тосын сый жасады
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирін екінші орынмен аяқтады
Ақтөбеде жеке тұрғын үйде өрт шықты
Атырау облысында су айдау жұмыстары аяқталды
Бишімбаев ісі: Астана сотына апелляциялық шағым түсті
Жұлдыз Әбдікәрімова қалыңдық көйлегін киген суретін жариялады
Александр Шевченко "Ролан Гарростың" екінші айналымына өтті
БҚО тұрғыны анасын пышақтап өлтірген
Туған әкесін өлтірген ағайындыларға сот үкімі шықты
Атыраулық аспаз жағалауды бекітіп жүргендерді тегін тамақтандырды
Ұлытау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
28 мамырда 18 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
"Қайта тұрмыс құрып жатыр". Қалыңдық көйлегін киген Жұлдыз Әбдукәрімова оқырмандарын ойландырып қойды
"Шешім осылай болып тұр". Той көйлегін киген Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты ойландырып қойды