Жасөспірім көз жұмған: Ақмола облысында қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген демалыс орнының директоры сотталды

2 мамырда Ақмола облысында Зеренді аудандық соты "Електі" тау шаңғысы курортының аумағында демалыс қызметін көрсеткен жауапкершілігі шектеулі серіктестік директорының ісін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Директор демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген деп айыпталды. Демалыс орталығында жасөспірім қаза тауып, тағы екі турист жараланған екен. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік әкімшілігі балаға қауіпсіздік ережелерін түсіндірмей, оны шаңғы трассасына түсіріп жіберген. Бала тік баурайдан түсіп келе жатып, қоршалмаған ағашқа соқтығысып, салдарынан жарақат алып, көз жұмды. Сонымен қатар маршрут учаскелерінде жол белгілері, қорғаныс торлары, ескерту белгілері, қорғаныш төсеніштері, ағаштардың алдындағы қоршаулар болмаған. Базада медициналық персонал жоқ, күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі көрсетілмеген. Қайғылы оқиғадан кейін ЖШС директоры бұзушылықтарды жою бойынша іс-шараларды тоқтатпастан, қызмет көрсетуді жалғастырып, келушілерге шаңғы трассасын беріп, тағы екі шаңғышының денсаулығына ауыр зиян келгеніне себепші болды. "Ауа райының қолайсыздығына қарамастан ЖШС көтергішті іске қосып, жол бойымен түсуге рұқсат берді, нәтижесінде туристің бел омыртқасы сынған , тағы бір адам құлап, оң жақ бүйрегі жарақаттанған", – деп хабарлады соттың баспасөз қызметі. Соттың үкімімен тау шаңғысы курортының директоры үш жылға қызмет көрсету саласында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. “Жәбірнуші Т. мен Д. пайдасына 10 миллион, ал М.-ға 3 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді”, – делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Жаһандық конференциясында сөз сөйледі
Ресей Президенті Тоқаевқа алғыс айтты
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті
Ресей Президенті Тоқаевқа алғыс айтты
Алматыда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік дайындық бойынша нұсқаушыларының жиыны өтті
Сенат төрағасы БҰҰ-ның Жаһандық конференциясында сөз сөйледі
Екібастұзда танысын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды
Алматы облысында құтқарушылар бір отбасыны өрттен аман алып қалды
ЕЭО-ның ішкі нарығында бәсекелеспеуіміз керек – Тоқаев
Алматыда полиция алаяқты құрықтады
Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші күйеуімен ажырасып кетті
Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ауқымды жобаларды атады
Мемлекет басшысы: Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ
Францияда өткен халықаралық өнер байқауында қазақстандық жас өнерпаз бірінші орын иеленді
Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
Тоқаев пен Путин әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Ресейдегі филиалын ресми түрде ашты
Ресейде ҚазҰУ-дің филиалы ашылды
Тоқаев пен Путин бірлескен мәлімдеме қабылдады
Путин Тоқаевқа алғыс білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірлескен мәлімдеме қабылдады
Тарихта тұңғыш рет: Михаил Шайдоров Гран-при финалына қатысады
Астанада үш жасар бала құтқарылды
Алматы облысында 7 жастағы баланы автобус басып кетті
Қазақстан мен Ресей президенттері бірлескен мәлімдеме қабылдады