Жасөспірім қыздардың 25% жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған

Жасөспірім қыздардың 25 проценті жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасаған жаға ұстатарлық статистика. Ол ол ма, елімізде соңғы 5 жылда 33 мыңнан астам жеткіншек бала көтерген. Оның 10 мыңы түсік тастапты.Ерте жүктілік, жасанды түсік! Құлаққа түрпідей тиетін бұл сөздерге қазір мән бермейтін де болдық. Өйткені, қоғамда зорлық-зомбылықтың құрбаны болып,ойын қуар шағында бала бағып отырған жеткіншек көп. Осындай мәсені алдын алу үшін белсенділер ерте жүктілік туралы деректі фильм түсірді. Жоба авторлары қоғамда жыныстық сауаттың жоқтығы мәселені туындатып отырған басты фактор – дейді. Шырақ БАЙНАЗАР, ФИЛЬМ РЕДАКТОРЫ: Жас қыздардың босану статистикасы Еуропамен салыстырғанда алты-жеті есе жоғары. Және де біз білеміз, көбіне салдарымен ғана күресеміз. Ал, себебі не дегенді зерттегім келді де, осы фильм аясында салдарын көрсету арқылы себебін түсіндіруге тырыстым. Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталады. Оның дені 18 жасқа толмаған қыздар арасында тіркелген. Жасөспірімдердің жүктілігін зерттеумен айналысатын ғалымдар от басқан арулардың басым көпшілігі жақындарынан қолдау таппай, жалғыз қалады - дейді. Сайра РАХЫМБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қыздарды емес, ер балаларды да жауапқа тарту керек қой.Бұған кінәлі жалғыз қыз емес. Ата-аналарға да қиын мұндай жағдай болғаны, расында да. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облысы алда тұр. Онан кейін -Атырау мен Алматы қаласы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
«Елімай» футбол клубы алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»