Петропавлда 17-дегі жасөспірім пышақ жарақатынан көз жұмды.Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы колледждердің бірінің жатақханасында оқушылар спирттік ішімдік ішіп, арты жанжалға ұласқан.Салдарынан 17 жастағы жасөспірім қолынан пышақ жарақатын алған. «Ұрыс-керіс құрдастар арасында шыққан. Олардың барлығы бірінші курс оқушылары. Қазіргі уақытта Петропавл қаласы полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері істің мән-жайын анықтап жатыр. Болашақта осындай фактілер қайталанбас үшін барлық тиісті шара қолданылады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — делінген баспасөз хабарламасында.