Елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады. Ал биыл көрсеткіш 13%-ға өскен. Дәрігерлер дабыл қағуда. Себебі, көпшілік ауру асқынғанда ғана медицbналық көмекке жүгінетін көрінеді.Инфаркт миокарді әсіресе, жастар арасында жиілеп тұр. Жүректің дұрыс жұмыс естемеуінен 90%-ы кенеттен көз жұмады. Инфаркттан зардап шеккендер аурудың дамуына қандай қауіп факторлары әсер ететінін білмейді. Елордалық Мейіржан Амангелдіұлы да ойламаған жерден ауруханаға түскен. Мейіржан АМАНГЕЛДІҰЛЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Давление болды. Давлениеден кейін обследование жасап, осы кардиохирургияға жіберді. Сосын кардиохирургия тексеріп, қан-тамырлары бекітіліп қалған деді. Кеше-алдыңғы күні операция жасады, бүгін стенд қояды. Көпшілік инфракт тек үлкен кісілерде болады деп ойлайды. Бірақ қазір оның тым жасарып бара жатқанына дәрігерлер алаңдаулы. Ал оған басты себеп- дұрыс тамақтанбау. Нұрсұлтан ТАНАЛИЕВ, ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГ: Атеросклероздың дамуы осы 18 жастан бастап дами береді. Жеңіл қорытылатын көмірсулы тағамдарды азайту, тәтті тағамдар, фастфуд тағамдары, тәтті газдалған сусындар, зиянды әдеттер, яғни шылым шегу, алкогольды пайдалану, энергетикалық ішімдіктер олар да осы жүректің ауруына көп септігін тигізеді. Огайо штаты университетінің зерттеушілері жастар арасында сауалнама жүргізген. Нәтижесінде 45 жасқа дейінгілердің 47%-ы жүрек ауруының қаупі бар екенін білмейтіні анықталды. Ал сауалнамаға қатысқан 2 мың адамның үштен бірі тіпті инфаркттың не екенін де білмейтінін айтқан. Лакшми МЕХТА, ВЕКСНЕР МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КАРДИОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жастардың жүрек ауруына шалдығу қаупін сезінбейтіні алаңдатады, бірақ бұл таңғаларлық жағдай емес. Олардың көпшілігі инфаркт тек егде жастағы адамдарға тән деп ойлайды, бірақ олай емес. Миокард инфарктісі жүрек бұлшықетіне қан ағымы бітеліп, тін оттегінің ашығуын сезінгенде және миокардтың бір бөлігі өлгенде пайда болады. Сондықтан инфаркт белгілерін білу және жедел жәрдемге уақтылы жүгіну өмірді сақтап қалуы мүмкін,-дейді мамандар.