Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет "Жастардың бойына адалдықты, әділдікті, мейірімділікті сіңіру керек" дейді. Бұл еліміздің болашағы үшін маңызды екенін айтады. "Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азамат, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ" деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.Мемлекет басшысы бұған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында да тоқталған болатын. Зиялы қауым өкілі Президенттің айтқанын толықтай қолдайды. "Абайдың “Толық адам” ілімін мына біздің моральдық кодексімізге, ұлттық идеологиямызға айналу керектігі бұрыннан да өзінің сөздерінде айтылып жүрген. Бұл жолы да соны нақтылап отыр. Өзінің жеке басын ойлаған адам Отанын ойламайтын күйге жетіп жатырмыз. Сондықтан Отаншылдық сезімді дамыту керек, адалдықты, әділдікті, адамгершілікті, мейірімділікті біздің ұрпақтың бойына еге білуіміз керек",-дейді ақын.