Астанада «Jastar Jalyny - 2023» шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. 6 күнге созылған байқау 10 номинация бойынша өтті. Дәстүрлі шара Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.«Ақжелкен» студенттер театры - «театр» номинациясы бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Өнерлі өрендер Ғазиз Ештанаевтың «Гүлбаһрамның көз жасы» атты шығармасы негізінде спектакль қойған. Жангелді МАРАТОВ, С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Көптеген студенттік театрлар әзіл-ысқақ, комедиялық жанрды алып келеді. Ал біздер жастарға міндетті түрде келгенде ең құрығанда бір адамға бір ой салып кетуіміз керек деген ниетпен осы қойылым алынған болатын. Шығармашылық байқауға елордадағы 15 жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Жастар эстрада, ұлттық және заманауи би, музыкалық аспап, шахмат, поэзия, медиа және театр, сурет, Qazaq Quiz сияқты номинациялар бойынша сынға түсті. Қайрат ҚАМБАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жастар жалыны шығармашылық байқауы бізде жылда ұйымдастырылып келе жатқан іс-шаралардың бірі. Басты мақсат – елорда тұрғындары арасында, студенттер арасында ең белсенді, талантты, дарынды жастарды анықтап шығу. Оларға қол ұшын созып, көмек көрсету. Жеңімпаздарға алғыс хат пен қаржылай сыйлық табысталды. Нақтырақ, бірінші орын – 100 мың, екінші орын – 70 мың, үшінші орын алғандар 50 мың теңгені қанжығаға байлады. Ал, бас жүлде – жарты миллион. Мәдени шараның басты мақсаты – жас буынның бірлігін арттыру, дейді ұйымдастырушылар.