«Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам ту ілмек

Республика күніне орай «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел аумағында 5 мыңнан астам ту ілмек. Бір ерекшелігі биыл патриоттық шараға барлық өңірдің жастары атсалысуда. Еліміздің байрағын насихаттауға арналған «Менің Елім – Менің Туым» акциясы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жастар мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын терең ұғады. Әсіресе, ту -олар үшін қасиетті ұғым. «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері биік ғимараттарға көк байрағымыздың көбірек ілінуіне бастамашы болуда. Олар бұл акция мерекенің құндылығын арттыра түседі дейді. Сұлтан АЛЛАБЕРГЕНОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ-АУМАҚТЫҚ ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біздің жас рухтастарымыз Қазақстан бойынша халыққа туларды тапсырып, ол туларды үйлеріне ілуге көмектесіп жатыр. Халыққа да ұнап жатыр. Өте қуанып қалады ту берген кезде. Алматылық жастар көк туды әйгілі «Қазақстан» қонақ үйінің шатырына ілді. Сондай-ақ, Көкжайлау шатқалына арнайы шығып, ең биік нүктесінде байрақты желбіретті. Мағжан ШАДИХАН, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ “ЖАСТАР РУХЫ” ЖҚ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл акцияның мақсаты - еліміздегі барша қазақстандықтардың осындай үлкен шараға белсене қатысып, ұлттық рәміздерімізді ұлықтап, құрметтеп, насихаттау. Елімізде 500-ге жуық “Жастар Рухының” белсенділері тартылып, 5000 - ға дейінгі ұлттық рәміздерімізді ұлықтап, іліп, әртүрлі шаралар өткізу жоспарда бар. Игілікті шарадан өзге өңірлер де шет қалған жоқ. Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының тұрғындары акцияға белсене қатысып, өз қалаларындағы биік үйлерді көк тумен көмкерді. Ал, Павлодардағы С.Торайғыров атындағы университет студенттері өз жатаханаларының әрбір балконына байрақты іліп болған соң, әнұранды аспандата шырқады. Бәкіжан КӘКІМ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл тың серпіліс барлық студенттердің рухын оятып, рухын көтеріп жатыр. Тек ғана студенттердің ғана емес, көпшілік қауым көретіндей үлкен үлкен көп қабатты ғимараттарға орналастырылып жатыр біздің туларымыз. Жалпы халық өзі тамаша қабылдап жатыр. Халықтың қуанышында шек жоқ. керісінше, көбі суретке де түсіп жатыр. Бұл игі бастама келесі жылы өз жалғасын табады деген ойдамыз. Шара 25 қазанға дейін жалғасады. Акцияға еліміздің әрбір тұрғыны қатыса алады. Тұғырымызда туымыз желбіреп тұрса, бұл жастардың Отанына деген сүйіспеншілігін арттырары даусыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Израиль мен ХАМАС мәмілеге келіп, Газадағы соғысты тоқтатпақ
Алматыда елдегі алғашқы ұлттық мектеп ашылатын болды
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Астанада алты-ақ ардагер қалды: 80 жылдыққа орай әрқайсысына 8 миллион теңге берсе де болар еді
Алматыда инклюзивті кітапханалар ашылды
Алматыда ауа сапасы нашарлайды
16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы: жаңбыр, қар және көктайғақ
Жемқорларды шетелге шығармау нормасы қаралуы мүмкін
Ақтаудағы ұшақ апаты: комиссия әлеуметтік желідегі ақпараттарға қатысты мәлімдеме жасады
Қырғыздың даңқты балуаны Айсұлу Тыныбекова өзінен 8 жас кіші жігітке тұрмысқа шықты
Желіде Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың деректері тарап кетті: Көлік министрлігі не дейді?
Энергетика министрі: мұнай маңызды шикізат емес, оны сирек кездесетін минералдар алмастырады
Қазақстанда 7300-ге жуық баланың көру қабілеті бұзылған
«Заңсыз іс қозғалды»: Адвокат Жанна Оразбақова өзіне қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді
Денесіне тату салдырған адамның намазы қабыл бола ма? – ҚМДБ жаңа пәтуа шығарды
29 жастағы қазақстандық Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды