1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Астана Тазалық» мекемесі қызметкерлерінің балаларына арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері атсалысып, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында балаларға ойын-сауық шоуын өткізді. Көңілді ән мен би, түрлі ойындар бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. Жүзі бал-бұл жанған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Сол коммуналдық қызметкерлердің балаларын біз халықаралық балалар күнімен құттықтау үшін арнайы осындай мерекелік іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Себебі енді ата-аналары күн-түн демей, біздің қаламызда тазалықты сақтау үшін қызмет етіп жатыр. Сондықтан мереке қарсаңында балаларымен сапалы, тиімді осы жерде жақсы уақыт өткізсін деп балалар ойнайтын жерге шақырып, ата-аналарымен бірге уақыт өткізеді. Гүлмира АЙМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:1-маусым балалар күніне осыны ұйымдастырып жатқандарына көп-көп рахмет. Біз енді азаннан бастап ұзақ жұмыста боламыз, бала-шағаға көп көңіл бөле алмаймыз. Осы бір мейрамдарында көңіл бөліп, Аманат партиясының Жастар рухына көп рахмет.