«Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері балаларға ойын-сауық шарасын өткізді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Астана Тазалық» мекемесі қызметкерлерінің балаларына арнайы мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері атсалысып, «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында балаларға ойын-сауық шоуын өткізді. Көңілді ән мен би, түрлі ойындар бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлады. Жүзі бал-бұл жанған балақайлардың қуанышында шек жоқ. Ақерке ЕСКЕНДІРОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Сол коммуналдық қызметкерлердің балаларын біз халықаралық балалар күнімен құттықтау үшін арнайы осындай мерекелік іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Себебі енді ата-аналары күн-түн демей, біздің қаламызда тазалықты сақтау үшін қызмет етіп жатыр. Сондықтан мереке қарсаңында балаларымен сапалы, тиімді осы жерде жақсы уақыт өткізсін деп балалар ойнайтын жерге шақырып, ата-аналарымен бірге уақыт өткізеді. Гүлмира АЙМАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:1-маусым балалар күніне осыны ұйымдастырып жатқандарына көп-көп рахмет. Біз енді азаннан бастап ұзақ жұмыста боламыз, бала-шағаға көп көңіл бөле алмаймыз. Осы бір мейрамдарында көңіл бөліп, Аманат партиясының Жастар рухына көп рахмет.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина World Tennis League турнирінде жеңімпаз атанды
Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде чемпион атанды
Сенаторлар өңірлерде жергілікті тұрғындармен кездеседі
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті