Қазақ зиялыларының еңбектері мен ғұмырбаянын жастарға үлгі ету керек! Бұл- ұлттық идеология. "AMANAT" партиясы Павлодар облыстық филиалы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына және Сұлтанмахмұт Торайғырұлының 130 жылдығына арналған "Алаш туы астында" әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды. Шарада жазушылардың бай шығармашылық мұрасы насихатталды. "Ұлттық мұра" жобасы бойынша алдағы уақытта ауқымды жұмыс жоспарланған.Жарқынбек АМАНТАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «MIRAS» ӨҢІРЛІК ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мұндағы мақсат жалпы қаламгер қауымның, Қазақстан Жазушылар Одағының осы тұлғалар туралы ақпаратты жастарға жеткізуі. Жастар Алаш көсемдерінің жалпы осы қазақтың даңқты, зиялыларының, ғалымдарының еңбектерімен танысуы олардың ғұмырбаянын үлгі етуі, бүгінгі уақытта аса маңызды. Бұл - ұлттық идеология. Мемлекетшілдік идеология. Р. Бақытжанқызы