Отандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей күйеуі туралы сыр шертіп, оны көпшілікке не себепті көрсеткісі келмейтінін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Айгүл Мүкей күйеуіне қатысты ел білмейтін жайттарды Динара Сәтжанға берген сұхбаты барысында ақтарды. Тележүргізушінің сөзінше, желіде көрінбеу - отағасының өз таңдауы. Ол көпшілік алдында жүргенді мүлдем ұнатпайды екен."Жақында ол менің парақшамда отбасылық суретімізді жариялады. Бірақ, тағы да түрін жауып қойыпты. Бұл жайт маған ұнамай, фотоны өшіріп тастадым. Ол өте сымбатты ер азамат. Көз тиеді. Түрін көрсетпеуімнің себебі: жұмысы да бар, өзі де қаламайды. Оның үстіне жасы менен сәл кіші. Қысқасы, көпшілік алдында жүргенді ұнатпайды. Қызым да сондай. Әкесіне ұқсаған. Өзінің суреттерін желіде жариялағанды құптамайды. Жолдасым желіде көрінгісі келмесе де, жақындарым, туыстарым, достарымның арасында жасырынбайды. Оны бәрі таниды" - деді Мүкей.