Әнші Бақыт Шадаева осыған дейін үш рет тұрмыста болғанын ашып айтты. Өнер иесі Nege.kz сайтына сұхбат беріп, бұрынғы күйеулерінен не үшін ажырасып кеткенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Жасырмаймын, мен үш рет тұрмыста болдым. Үшеуі де өте қызғаншақ еді. Сол себепті Құдайдың құтты күні таяқ жеп отырмайын деп, олардан басымды аулақ әкеттім. Дегенмен, көңілін білдіретін азаматтар әлі де бар. Шүкір, қазір екі жиен немерем бар. Бұрын құдағиымның көзі тірісінде сол кісінің көңіліне қарап мені "Бақыт" деп атайтын еді. Қазір екеуі де "апалап" тұрады. Ендігі тілейтінім, солардың қызығын көру", - деп ағынан жарылды әнші.