«Жауапкершіліктен қашқандар жазалануы тиіс», - Р. Зайытов

Атырау облысы мен Құлсары қаласының маңына су бөгеттері заңсыз салынған. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаттары айтты. {КТМ: } Жергілікті билік көктемгі су тасқынына әлсіз әзірленген. Қоймалар 50-70 жылдары салынған. Содан бері жөндеу көрмеген. Депутаттар каналдардың дер кезінде ретке келмеуіне 30 жыл бойғы жемқорлық себеп болғанын айтады. Егер теңгені дұрыс пайдаланып, жаңа су бөгеттері сол кезде салынса мұндай апат орын алмас еді, - дейді. Енді жауапкершіліктен қашқан қызметкерлерді жазалауды талап етіп отыр.  Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Жұмысына салғырт қараған мемлекеттік қызметкерлердің ешқайсысының лауазымына, тегіне қарамастан жазаға тарту керек. Бұл Президенттің және елдің нақты талабы. Биылғы тасқынның алдын алу неге мүмкін болмады деген сұрақ туады. Оған себеп ғылымға жағдайдың жасалмауы. Салдарынан 90-шы жылдардың тоқырауында 40 мың ғалым саланы тастап кетуге мәжбүр болған. Ринат ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Апат салдарынан зардап шеккен халық өз шығындарының қалай есептеліп, қалай өтелетінін әлі де толық білмейді, өйткені, шаралардың нақты алгоритмі жасалмаған, Комиссия қалай құрылып, қалай жұмыс жасайтыны жайлы халыққа дұрыс хабарланбаған. Сол себептен Комиссия жұмысын жеңілдетіп, халықпен тікелей байланыстыру мақсатында оның құрамына ел сеніміне ие болған жергілікті белсенді азаматтарды қосу керек деп есептейміз. «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартады». Ел су тасқынымен әуре болып жатқанда, әуе компаниялары бұл оқиғаны табыс көзіне айналдырды. Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар, бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр. Ал Атыраудан Алматыға билет бағасы 675 мың теңгеге дейін қымбаттады. {+СНХ}Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:Еліміздегі ең ірі әуе компаниясы – Air Astana болса 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын мәлімдеумен ғана шектелді. Әріптестерім әуе қатынасы бойынша ішкі рейстердің қымбаттағанын бірнеше рет айтты. Бірақ түбегейлі өзгерісті көріп отырған жоқпыз. Соңғы жағдайларға байланысты бағаның одан әрі шарықтауы шектен шығу деп білеміз. Ұшатын күн жақындағанда билет бағасын әдейі көтеріп жіберу – барып тұрған қиянат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Ақмолада 394 адам алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберілген
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік түрлерін атады
Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәрі берілді
Қазақстанда сотталғандар қандай жұмыстар істейді?
Бүгін ауа райы қандай болады?
Еуроодақтың ғылыми зерттеулерді қаржыландыру бағдарламасы Орталық Азиямен ынтымақтастықты жалғастырмақ
Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды
Қыз баланың әкесі атанғым келеді - Тәуекел Мүсілім
Алматыда жыл басынан бері 624 есірткі қылмысы ашылды
Психологиялық тест: суреттен бірінші нені байқадыңыз?
Жыл басынан бері Түркістан қаласында 6064 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды
Жамбылдық өрт сөндірушілер өрт кезінде 5 адамды құтқарды
Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату шартын рәсімдеу қанша тұрады?
Тұман, жел, көктайғақ: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
«Астана» клубы алғаш рет лига кубогының чемпионы атанды
Дәрігер тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түлік түрлерін атады
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
ДСМ алқасы: 2025 жыл – жалпы практика дәрігерлерінің біліктілігін арттыру жылы
24 қарашада елімізде ауа райы қандай болады
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі