Апат- ауқымды. Мәжіліс депутаттары алапат өрт боп жатқан аймаққа барып келді. Бірнеше метр биік қарағаймен бойлаған өртті тізгіндеу қиын. Жергілікті басшылық мен жауапты министрліктің дер кезінде әрекет етпеуі салдарынан жағдай ушықты дейді. Бұған қатысты бір адам емес, барлық жүйе жауап беру керек деп санайды.Ринат ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Үлкен апатты көрдік. Өкінішке орай, ешқандай жаңбыр жоқ. Жел басылмайды. Ол екінінің бірінің ойына келе қоймайды. Бірақ қарағайлы орманның өртенуі ол қарапайым шөптің өртенуі сияқты емес. Пәленбай метр биіктікте үстінен жүретін өрт. Үлкен апат болып жатыр. Мақсат ТОЛЫҚБАЙ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Біз бірінші күннен бастап өрт сөндірушілердің өзіне де жолықтық. Күнделікті бірнеше газель тамақ апарылып жатыр. Ыстық тамақ, еті, бауырсағы, пирожки, адамдардың барлығын эвакуациялап жатақханаларға орналастырдық. Жаңа жатын орындары, жастықтарына дейін жаңа. 4 уақыт тамақтарын да беріп жатыр, қастарында дәрігерлері де бар. Балаларды кинотеатрға апарып, қыдыртатын еріктілер де бар. Біздің "Жастар қанаты" да күндіз-түні жұмыс істеп көмектің барлығын жолдап жатырмыз.