"Жайлы мектеп" жобасы қалай жүзеге асуда?

"Жайлы мектеп" жобасына бөлінген қаражат тиімсіз игерілуде. Сондай-ақ жаңа нысандарды салуда кемшіліктерге жол берілген. Депутат Руслан Рүстемов бүгін Сенатта осылай деді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа депутаттық сауал жолдады. "Жайлы мектеп" жобасы еліміздегі мектеп тапшылығы мен тозығы жеткен білім ұяларын қалпына келтіру үшін жүзеге асырылуда. Еліміздегі 842 мың оқушыға арналған жаңа нысандарды салуға мемлекеттен 2,6 млрд тг жоспарланған. Алайда бұл қаржыны игеруде бірқатар шикілік бар дейді депутат Руслан Рүстемов. Руслан РҮСТЕМОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:Жобаны жүзеге асырудың бірінші жылдың өзінде қателіктердің орын алғаны белгілі болып отыр. Мәселен салынуға тиісті мектептердің тек 217 сі ғана анықталған. Ұлттық жобаның құрылыс дирекциясы акционерлік қоғамы бөлінген қаражаттың 208 мектептің құрылысына тек 190,2 қаржысын ғана игерген. Қалғаны дирекцияның есеп шотында қалған. Сенатордың айтуынша, 37 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы уақытылы дайындалмай және оларға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынбай құрылыс жұмыстары жүргізілген. "Жобада көзделген мақсаттар мен нәтижелер, яғни үш ауысымды және апатты жағдайдағы оқушы орындары тапшылығын жоюға мүмкіндік бере ме? Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмасы мерзімінде орындала ма?" деп сұрады ол оқу-ағарту министрінен. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бұл жоба ерекше назарға алынған. 217 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады. Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:Жалпы жоба екі кезеңмен іске асырылуда. Бірінші 2024 жылдың соңына дейін 217 мектептің құрылысын іске қосу. 2025 жылға дейін 152 мектептің құрылысын іске асыру белгіленген. Бірінші қыркүйекке дейін 98 мектептің құрылысын іске қосу көзделіп отыр. Негізінен 200 мың оқушының тапшылығын шешуге бағытталып отыр. Министрдің айтуынша, күнделікті битрикс ақпараттық жүйесі арқылы бүкіл құрылысты электронды деңгейде бақылап отыр. Апта сайын тиісті мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жиынында қордаланған мәселелер туындаған жағдайда кешенді жүйелі түрде шешіледі деді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Мықты жүйке, шыдамдылық пен күш сұрады: Өскемен қаласының жаңа әкімі Аяз атаға хат жазды
Өскемен қаласының жаңа әкімі Аяз атаға хат жазды
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады