Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша құрылыс қыркүйек айында басталады. Бұл туалы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлім етті.«Алматыда «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша құрылыс қыркүйек айында басталады. Біз қазір инженерлік инфрақұрылымды ескере отырып, жобаларды дайындап жатырмыз, жерді сатып алу жұмыстарын аяқтаймыз. Құрылыс екі жолмен жүзеге асады: Samruk-Kazyna Construction бірыңғай операторы арқылы, ол ел бойынша мектептерді типтеуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік формадан басқа, бағдарлама бойынша жұмыс істеуге дайын жеке компаниялар бар. Олар өз учаскелерінде мектептер салады, содан кейін оларды тиісті түрде қалаға береді. Алматыда осы бағдарлама аясында жоспарланған 22 мектептің 15-і Samruk - Kazyna Construction желісі бойынша, 7 мектеп-жеке инвесторлардың күшімен салынады»,- деді ол. Сондай-ақ қала басшысы Бостандық ауданында 6 жаңа мектеп пен 12 балабақша салынатынын атап өтті. «Бостандық ауданында 9200 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сонымен бірге, 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарда»,- деді Ерболат Досаев.