Жайық жағасын нығайту үшін 80 км бөгет салынады

БҚО-да су тасқыны басталғалы бері өңірде 13 159 адам эвакуацияланды, оның ішінде 7 мыңнан астамы ересек азаматтар болса, 6 мыңға жуығы балалар. Бүгінгі таңда облыс бойынша 17 эвакуациялық пунктке 1701 адам орналасты. Оларға қажетті заттар мен азық-түліктер уақытылы жеткізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте БҚО әкімі баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткен хабарлады. Су тасқынына қарсы іс-шараларға облыстан және басқа аймақтардан барлығы 5589 адам, 887 техника жұмылдырылды, оның ішінде 422 арнайы техника. «Қазіргі уақытта су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жүргізілуде. Жағдай әлі де күрделі болып қалуда. Себебі, Ресейдің Орынбор облысынан келе жатқан сулар 17-19 сәуірде облысқа келеді деген болжам бар. Қазіргі кезде Жайық өзеніндегі су деңгейі 759 см құрады. Яғни, қауіпті деңгейге жетіп қалды, ол 850 см құрайды. Осыған байланысты 80 км жуық бөгет тұрғызылып, Жайық өзенінің жағасы барынша нығайтылуда. Қазіргі уақытта Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласын су басу қаупі бар», - деді спикер. Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Жергілікті бюджет есебінен біржолғы әлеуметтік көмек беріліп жатыр. Бүгінгі таңда 677 отбасыға 125 млн теңге қаржы төленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды
Мадридтік “Атлетико” президенті қазақстандықтарға үндеу жолдады (ВИДЕО)
«Кендірлі» су тұщыту зауыты қаншалықты тиімді болады
Ильхам Алиев: Бұл қайғылы оқиға үлкен сынақ болды
Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
Алматылықтарды сүйсіндірген патрульдік полицей
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Президент марапаттаған азаматтардың тізімі жарияланды
Ядролық медицина орталығы жылды қорытындылады
Қазақстан жастар құрамасы жер болды
Ақмарал Әлназарова қазақстандықтар алғыс айтты
Грузияның жаңа президенті қызметіне кірісті
Комитет төрағасы тағайындалды
Оңтүстік Корея бір апталық аза тұту жариялаls
Үш облыста ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды
Сенаторлар Алматы полициясында есеп беру кездесуін өткізді
Президент бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады
«Небәрі 29 секунд»: Ақтау маңында құлаған ұшақтың капитаны өлер алдында бір сөз айтқан
Ақтөбеде құдыққа құлап кеткен адам құтқарылды
Ұлытау облысында жоғалып кеткен 5 адам табылды
Тәртіп сақшысының қайырымды ісі көпшіліктің жүрегін елжіретті
Астанада 24 мектеп ашылды
Оңтүстік Кореяда жеті күндік аза тұту жарияланды
Моңғолиядағы қазақ балуаны «Президент кубогында» екінші орын алды
Қызылордада есірткі притоны жойылды