Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға батқан ер адам құтқарылды

Атырауда Жайық өзенінің мұзы ойылып, суға батқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, оқиға бүгін, 10 наурызда түн ортасында болған. «Атырау қаласының Жұмыскер шағын ауданы маңында Жайық өзенінің мұзы ойылып, 1 адам суға түсіп кеткен. Бұл департаменттің диспетчерлік пультіне бүгін, 10 наурызда түнгі сағат 01:04-те хабар түсті. Белгілі болғандай, Жайық өзенінің жағасында түнгі уақытта балық аулап отырған 2 адам көмек сұраған дауысты естіген. Олар өзен мұзы ойылып, суға құлаған адамды көрген. Құтқарушыларға хабар беріп, өздері суға батқан адамды құтқаруға кіріскен. Көмек сұраған азаматты қайыққа мінгізгенімен, өздері мұз ортасында қалған», -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жетіп, мұз үстінде қайықта отырған 3 адамды құтқару жұмысын жүргізген. Құтқарушылар қайықты арқанмен жағаға сүйреп жеткізген. «Жайық өзеніне суға құлаған ер адамның жасы шамамен 35-40-тің аралығында, ал, оны құтқаруға тырысқандар 1979 жылғы ер адам мен 2004 жылғы жасөспірім екені анықталды. Үшеуі де жедел жәрдем бригадасының қызметкерлеріне тапсырылды. Олардың жағдайы қалыпты», -деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобынан. Құтқарушылар ауа райының жылынуына байланысты Жайық өзенінің мұзы еріп, адам өміріне қауіп төндіретінін ескертіп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көктайғақ, тұман: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Қостанайда халықаралық дуалды оқыту орталығы құрылуда
Азия чемпионатының жүлдегерлерін жанкүйерлер әуежайдан күтіп алды
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Сүйіктісіне ұрланған гүл сыйлаған елорда тұрғыны жауапқа тартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде