"Жайылымдардың айналасына ор қазғандар жауапкершілікке тартылады", - Заң қабылданды

Енді жайылымдардың айналасына ор қазғандар жауапкершілікке тартылады. Жайылымдық жерлер Қазақстанның 184 млн гектар аумағын алып жатыр. Ол -барлық ауыл шаруашылық жерлерінің 84 пайызы. Алайда, жерді тек иемденіп, оны пайдаға асырмайтындар, тіпті, басқаның аяғы баспайтындай етіп айналасын қазып, қоршап алғандар жетерлік. Бүгін мәжіліс тиісті заңды қабылдады. Құжатта жайылымға қажетті ауыл шаруашылығы жануарларының санын жүктеме нормасының 20 пайыздан 50 пайызға дейін ұлғайту арқылы жер пайдаланбау фактілерінің критерийін қатайту қағидаты енгізілді. Бұл ретте Ауыл шаруашылығы министрлігінің есептеуі бойынша жайылымдық жерлердің 20 млн гектарға жуығы қайтарылуы тиіс. Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Жайылымдарды суландыру және жайылымдарды түбегейлі және олардың беткі қабатын жақсарту бойынша шығындарды субсидиялау арқылы фермелерге мемлекеттік қолдау нормалары көзделген. Сонымен қатар, көпшілік пайдаланатын жайылымдарды қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландыру жергілікті бюджеттерден және басқа да көздерден қарастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру үшін жер конкурстарға кооперативтерге қосымша ұпайлар беру түріндегі артықшылық беру ұсынылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды