Жайын мен көксерке балықтарын экспорттауға тыйым салынбақ

Қазақстан аумағынан мұздатылған жайын мен көксерке балықтарын әкетуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Балық шаруашылығы комитеті төрағасының бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Жаңа мұздатылған немесе салқындатылған жайын және көксерке балықтарын шығаруға 6 ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», - деліген құжатта. Бұйрыққа қосымша түсіндірмеде бұл - балық шикізаты тапшылығын болдырмау мақсатында қабылданып отырғаны жазылған. «Статистика деректері бойынша өңделмеген балық экспортының жалпы балық экспортындағы үлесі 55%. Былтыр барлық өңдеу кәсіпорындарының жалпы өндірістік қуаты 31,2 мың тонна балықты өңдеді. Бұрын бұл меже жылына 142 мың тоннаға жуық болатын. Яғни, былтыр кәсіпорындардың жүктемесі 22%-ды құрады. Кәсіпорындардың жұмыс істемеунің себептерінің бірі балық шикізатының жетіспеушілігі. Осы мәселе бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы субъектілерімен, бизнес өкілдерімен және барлық мүдделі тараптармен шектеулер енгізу мәселесін талқылау бойынша бірқатар кеңес өткізді. Осыған байланысты талқылау барысында айтылған кәсіпкерлердің пікірін ескере отырып, бастапқы кезеңде 6 ай мерзімге Қазақстан аумағынан экспорттағы үлесі 10%-дан аз жаңа мұздатылған балықтардың экспортын шектеу ұсынылады. Бұл жайын мен көксеркеге қатысты», - деп түсіндірме берілген бұйрыққа. Құжат 14 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты