Кәмелетке толмаған баланы жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу ауыр қылмыс. Егер зорлау фактісі баланың өліміне әкеп соқса, заңда 20 жылдан не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Алайда, арам пиғылын іске асырамын деушілерге қатаң жаза тұсау болмай тұр. Өткен жылы Астана қаласында зорлау бабымен 49 іс тіркелген. Мамандар қанша дабыл қақса да, жыл сайынғы сандық мәлімет көңіл көншітпейді. Күдікке ілініп, есепте тұрған 6 мыңға жуық азаматқа профилактикалық шаралар жүргізілген.Ержан ҚҰРАҚБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: 2021 жылдан бастап кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстарына жаза күшейтілді. 2022 жылы адам өлтірудің 27 фактісі өндіріспен аяқталды (өткен жылы -22), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 143 фактісі (өткен жылы -120), зорлау - 32 (өткен жылы – 27). Осы санаттағы барлық қылмыстар ашылды. Кінәлі адамдар анықталды. Р. Бақытжанқызы