Жазғы универсиада: Қазақстан қорытынды медальдар кестесінде қай орынға ие болды

Қытайдың Чэнду қаласында өткен ХХХІ Жазғы универсиадада соңғы жүлделер сарапқа салынып, медальдар кестесінің қорытынды нәтижесі шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстан құрамасы дүбірлі додада барлығы 20 медаль алып, 20-орынға тұрақтады. Ел құрамасының еншісінде 2 алтын, 7 күміс, 11 қола медаль бар. Медальдар кестесінде 1-орын алған Қытай спортшылары 178 медальға (103 алтын, 40 күміс және 35 қола) ие болды. Одан кейінгі орындардағы Жапония - 93 (21-29-43), Оңтүстік Корея - 58 (17-18-23) медаль алды. Ел құрамасынан гимнаст Милад Карими мен таеквондошы Рита Бакишева чемпион атанды. Сондай-ақ, Милад Карими тағы бір сайыста «күміс» алса, дәл осындай жүлде оның әріптесі Нариман Курбанов, садақшы Диана Тұрсынбек, гимнастшы Эльжана Таниева (екі мәрте), винтовкадан 50 метр қашықтықта оқ атудан ерлер құрамасы (Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин) және жеке атуда Никита Чирюкинге бұйырды. «Қола» жүлдегерлер қатарында гимнасшы Милад Карими мен Эльжана Таниева, таэквондодан ерлер құрамасы (Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қаблан, Бексұлтан Мұсахан және Шамсат Дүйсенов), 10 метрге винтовкадан оқу атудан ерлер құрамасы (Малиновский, Сәтпаев, Шахторин), қылышпен семсерлесуден (Жанат Набиев, Назарбай Саттархан және Артем Саркисян), дзюдошылар Бекарыс Сәдуақас, Сұңғат Жұбатқан және Асқар Наркұлов, суға жүзуші Әділбек Мусин, ушу спортынан Бексұлтан Қаскенов және Айгерім Төреханова бар. Айта кетсек, Қазақстан құрамасы Жазғы универсиада ойындарына 1993 жылдан бері қатысып келеді. Қазірге дейін барлығы 133 медальға ие болды. Оның ішінде 24-і - алтын, 50-і - күміс, 59-ы - қола. Жазғы универсиада ойындарында қазақстандықтар алған медальдар: 1993. Буффало (АҚШ) - 1 (0-1-0) 1995. Фукуока (Жапония) - 2 (0-2-0) 1997. Сицилия (Италия) - 0 (0-0-0) 1999. Пальма-де-Мальорка (Испания) - 0 (0-0-0) 2001. Бейжің (Қытай) - 3 (0-3-0) 2003. Тэгу (Оңтүстік Корея) - 6 (2-4-0) 2005. Измир (Түркия) - 9 (1-2-6) 2007. Бангкок (Таиланд) - 16 (5-4-7) 2009. Белград (Сербия) - 7 (1-2-4) 2011. Шэньчжэнь (Қытай) - 6 (0-3-3) 2013. Казань (Ресей) - 30 (3-11-16) 2015. Кванджу (Оңтүстік Корея) - 10 (6-0-4) 2017. Тайбэй (Қытай Республикасы) -16 (3-6-7) 2019. Неаполь (Италия) - 7 (1-5-1) 2023. Чэнду (Қытай) - 20 (2-7-11) Енді 2025 жылғы Жазғы универсиада Рейн-Рур аймағында өткізіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Құтқарушылар ММА бойынша әлем чемпионы атанды
Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады
Алматы Халықаралық әуежайында туристерге сыйлықтар табысталады
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күніне орай шыңға шықты
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»