"Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ", - Президент

Президент бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновті қабылдады. Кездесуде ел бірлігін нығайту, қоғамдық құндылықтарды дәріптеу ісінде қаламгер қауымның атқаратын рөлі сөз болды. Мемлекет басшысы Жазушылар Одағы ұлттық интеллигенцияның басын қосып отырған қара шаңырақ екенін айта келіп, ақын-жазушылардың халық әдебиетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, қоғамның бірлігін нығайтудағы еңбегі зор екеніне назар аударды.Мереке ҚҰЛКЕНОВ, ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Кездесуде негізінен Қазақстан жазушыларының жағдайы, болашағы, таланттарды қалай қолдау жөнінде әңгімелер болды. Сонымен бірге бізде Мәдениет заңы қабылданған. Сол заңға өзгеріс енгізсек деген ұсыныс айттым. Қандай өзгеріс? «Қазақ жазушылары: баспа, насихат және таралым» деген. Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ, жаңа мәртебеге ие болған Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарьяны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясы отандық ғылымды дамыту ісінде негізгі рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті. Президенттің пікірінше, мемлекеттің ғылыми-технологиялық және экономикалық саясаты арасындағы өзара байланыстың нығаюына баса мән бере отырып, ғылымды дамытудың жаңа тәсілдерін қолдану керек. Күнсұлу ЗАКАРЬЯ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰҒА ПРЕЗИДЕНТІ: Ұлттық ғылым академиясының бүгінгі жағдайы, 1,5 айдың ішіндегі өткізілген жұмыстары және болашаққа арналған жоспарлары қарастырылды. Бүгінгі күні біздер ҚР ғылым және технология саясаты бойынша жаңа заңнама туралы негізгі бағыттарын қарап, оған қажетті ұсыныстарды бердік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бір ел – бір кітап» оқу мәдениетін қалыптастырады
Мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтары туралы семинар өтті
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты
«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің пайдасы қандай
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды