Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылы - су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ. Жеті жыл бұрын дәл осы елдімекенді су шайған. Ол жерге кейін тұрғын үйлер салынған. Оқиға қайталанса құзырлылар тасқынға тосқын бола ала ма? Жергілікті билік қандай әрекет жасауда? Өркен Мырзабек ауылға барып келді. Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ: Ауыл ішінде қар, өздеріңіз көріп тұрғандай, тау болып үйіліп жатыр. Ертең күн күрт жылыса, айнала суға толады. Тұрғындар алаңдап отыр. Мұнда қазір 12 мыңнан астам халық тұрады. Бақытжан АХМЕТЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Көктем айларында болады енді су алатын кез. Төменгі жақтар осы жақтар алады. Микрайонмен бөлінеді ғой. Ал мына көпірді седьмой, шестой деп бөледі. Ол жақтар енді жоғары болған соң су ала қоймайды. Ал жергілікті билік өкілдері болса, қарды шығарып жатқандарына 1 айға жуықтағанын айтады. Бүгінде 35 техника жұмылдырыпты. Көктем айындағы су басу қаупін алдын алудамыз дейді. Қанат ҚАНАФИН, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Біз қарды шығарып жатырмыз. Күнде примерно 15 мың куб шығарып жатырмыз күн сайын. Қазір бізде 9 бригада жасап жатыр. Ертеңнен бастап тағыда 2 бригада жұмыс жасайды. Примерно 35 техника жұмыс істеп жатыр мұнда. Тұрғындар қауіп құшағында отыр. Жеті жыл бұрынғы жағдай қайталанса тұрғындар мен төрт түлікті де эвакуациялайтын орын дайындалған. Су тасқыны қаупі төніп тұрғанын облыс әкімі Марат Ахметжанов та жасырмады. Марат АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: "Екі апта бұрын Жібек жолы ауылында арнайы отырыс өткіздік. Өйткені ауыл өңірдегі су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ деп есептеледі. Кездесуге Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және екі ведомство өкілі қатысты. Қала әкімі су тапшылығы бар жерде су қоймаларына су көп жиналса дейді. Алайда бұл қауіпті. Себебі жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан мәселені ғылыми негізде жан-жақты зерттеп жатырмыз. Көктемде күн күрт жылайды. Қалың қар ериді. Төтенше жағдайлар министрлігі 10 өңірде су басу қаупі барын айтты. Барлығында тасқынға тосқын болатын шаралар атқарылуда.