Жібек жолы ауылын су басуы мүмкін

Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылы - су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ. Жеті жыл бұрын дәл осы елдімекенді су шайған. Ол жерге кейін тұрғын үйлер салынған. Оқиға қайталанса құзырлылар тасқынға тосқын бола ала ма? Жергілікті билік қандай әрекет жасауда? Өркен Мырзабек ауылға барып келді. Өркен МЫРЗАБЕК, ТІЛШІ: Ауыл ішінде қар, өздеріңіз көріп тұрғандай, тау болып үйіліп жатыр. Ертең күн күрт жылыса, айнала суға толады. Тұрғындар алаңдап отыр. Мұнда қазір 12 мыңнан астам халық тұрады. Бақытжан АХМЕТЖАНОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Көктем айларында болады енді су алатын кез. Төменгі жақтар осы жақтар алады. Микрайонмен бөлінеді ғой. Ал мына көпірді седьмой, шестой деп бөледі. Ол жақтар енді жоғары болған соң су ала қоймайды. Ал жергілікті билік өкілдері болса, қарды шығарып жатқандарына 1 айға жуықтағанын айтады. Бүгінде 35 техника жұмылдырыпты. Көктем айындағы су басу қаупін алдын алудамыз дейді. Қанат ҚАНАФИН, ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:  Біз қарды шығарып жатырмыз. Күнде примерно 15 мың куб шығарып жатырмыз күн сайын. Қазір бізде 9 бригада жасап жатыр. Ертеңнен бастап тағыда 2 бригада жұмыс жасайды. Примерно 35 техника жұмыс істеп жатыр мұнда. Тұрғындар қауіп құшағында отыр. Жеті жыл бұрынғы жағдай қайталанса тұрғындар мен төрт түлікті де эвакуациялайтын орын дайындалған. Су тасқыны қаупі төніп тұрғанын облыс әкімі Марат Ахметжанов та жасырмады. Марат АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  "Екі апта бұрын Жібек жолы ауылында арнайы отырыс өткіздік. Өйткені ауыл өңірдегі су басуы мүмкін ең қауіпті аймақ деп есептеледі. Кездесуге Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және екі ведомство өкілі қатысты. Қала әкімі су тапшылығы бар жерде су қоймаларына су көп жиналса дейді. Алайда бұл қауіпті. Себебі жанындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Сондықтан мәселені ғылыми негізде жан-жақты зерттеп жатырмыз. Көктемде күн күрт жылайды. Қалың қар ериді. Төтенше жағдайлар министрлігі 10 өңірде су басу қаупі барын айтты. Барлығында тасқынға тосқын болатын шаралар атқарылуда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Талғарда жаңа әкім тағайындау үшін сайлау болып жатыр
Астанада коммуналдық қызметкерлерге алғыс ретінде жаңа челлендж бастау алды
АҚШ ғалымдары адам өмірін қысқартатын 6 өнімді анықтады
"Үздік ауыл дәрігері" номинациясының иегері белгілі болды
Өскеменде жоғалған жас қыздың денесі табылды
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы бәйгеде топ жарды
Астанада Марин Томасов атындағы көше пайда болады
Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы күшейді
Талғар тұрғындары жаңа әкімді сайлап жатыр
Қостанай облысында 15 жаңа медициналық нысан ашылды
Өскеменде бір айдан астам уақыт бұрын жоғалған жас қыздың денесі табылды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 19 жастағы қыздың мәйіті табылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Астанадағы даңғылдың бірі 30 желтоқсанға дейін жартылай жабылды
Астанадан 1 млн текше метрден астам қар шығарылды