"Жедел жәрдем өте кеш келді": Алматыда әкесі мен 4 баланың өлімі туралы тың деректер белгілі болды

Алматы облысы Елтай ауылында бір отбасынан 5 адам белгісіз жағдайда көз жұмды. Үй ішінде ес-түссіз жатқан оларды алдымен көршісі көрген. Барлығы ауруханаға жеткізілгенімен, әкесі мен 4 баланы құтқарып қалу мүмкін болмады. Ал анасы есін енді жиды. Болған жағдайдан әлі хабарсыз. Не болып, не қойғанын да білмейді.Әйкерім ПЕРНЕБЕК, ТІЛШІ: Отбасы осы екіқабатты үйде тұрған. Жедел жәрдемді көршілері шақырыпты. Бірақ бір сағаттан аса уақыт күткендерін айтады. Себебі, көшенің аты жоқ. Дарігерлер ертерек келгенде жағдай басқаша болуы мүмкін бе еді дейді. Сердалы ҚҰЛЕКЕЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Не аты жоқ, не заты жоқ осы жерде 45 тей отбасының үйі бар мына жерде. Не көшенің атын бермейді. Сонымен 12 жылдан бері отырып келе жатырмыз осы жерде. Қай жақтан табады сосын жедел жәрдем? Бір сағат бір жарым сағаттың айналасында келді одан беріде келген жоқ. Көшенің бойына шығамыз, мына жаққа шығамыз, адамдарды жан жаққа бөліп қоямыз. Содан тұрады ана жақта скорый көрінсе соны шақырып. Екі үш күн болды содан кейін бас ауырып жүр. Жақсыбай ҒАППАРОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Келсек балалардың бәрін осылай шығарып далаға қойған, бәрі жатыр қиялап. Енді оның газдан ба, неден болғаны белгісіз әлі. Келін больницада жатыр енді. Жалғыз өзі қалды ғой енді бір семьядан. Жақсы адамдар, жақсы кісінің балалары еді олар. Зор балалар еді. Әкесі де жақсы адам еді. 1985 жылы туған әйел Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына жеткізілген. Қазір оның жағдайы тұрақталып жансақтау бөлімінен, палатаға ауыстырылды. Дәрігерлердің айтуынша, келіншек есін жиған, бірақ ауруханаға қалай жеткенін, не болғанын білмейді. Нұрсұлтан ЖҮЗБЕКОВ, ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бізге жедел жәрдем бригадасымен алып келген кездегі болжам алды диагноздары “отравление угарным газом”. Біздегі алынған алғашқы анализде кислота шелечного состояниені көрсететін КШС анализдің көрсеткіші бойынша карбокси гемоглобинінің өте жоғары көрсеткішін көрдік. Сол бойынша көмек көрсетілді. Көрсетілген көмекке қарамастан 4 балаға араша болу мүмкін болмады. Оқиға болған күні отбасы қонақ күткен. Меймандарды шығарып салған соң үй иелерімен ешкім хабарласпапты. Тек келесі күні сағат үштердің шамасында ауылдасы кіріп, селсоқ жатқан алты адамды көреді. Отағасы жедел жәрдем жетпей қайтыс болған, ал 4 бала ауруханада көз жұмды. Олардың үлкені-15-те, кішісі -5 жаста. Айдар УМАРОВ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫ АПБ БАСТЫҒЫ: Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Айта кетейік, тергеудің толықтығы үшін Алматы облысының ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы, Газ қызметі және СЭҚ шақырылды. Сараптамалардың түпкілікті қорытындысы әлі шыққан жоқ. Алдын ала нұсқа бойынша, отбасы мүшелері көміртегі тотығына уланған болуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
12 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Мереке күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме?
Алматы метросындағы оқиға: Желіде жігіттің рельске құлаған сәтінің видеосы тарады
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Атырауда су тасқынына дайындық қалай
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Экс-президенттің және оның отбасының денсаулығы мен жеке өмірі құпия болады
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрайымымен кездесті
"Ұлы дала" әдеби байқауының жеңімпаздары марапатталды
Ерлан Қошанов Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымымен кездесті
Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды
16 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы бекеттер жұмыс істемейді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды