Жеке және заңды тұлғаларға 2 миллион гектардан астам жер конкурссыз берілген

Енді конкурссыз жайылым жер берілмейді. Бүгін мәжіліс депутаттары заң жобасын қабылдады. Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша, жеке және заңды тұлғаларға 2 миллион гектардан астам жер конкурссыз берілген. Енді жайылымдарды беру, конкурс өткізу және жерді резервке қою қабылданған жоспарға сәйкес жүргізіледі. Конкурстан өткен шаруа алған жайылым жерді 5 жыл пайдалана алады. Жер пайдаланушыларға жайылымдардың айналасында қазба жұмыстарын жүргізуге, траншеялар қазуға болмайды. Анықталған жағдайда жауапкершілік жүктеледі.Нұржан ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуды ынталандыру үшін кооперативтердің жер конкурстарына қатысуы кезінде оларға қосымша балл беру артықшылығы ұсынылады. Семей ядролық полигон аумағына мемлекеттік бақылау күшейтіледі. Мәжіліс «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» заң мен түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдады. Заң жобасы радиациялық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленген. Еділ ЖАҢБЫРШИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Уәкілетті органның Семей ядролық қауіпсіздік аймағының паспортын тіркеуге арналған құзыретін нақтылауға, ядролық қаруды сынау жүргізілген жер учаскелеріне кешенді экологиялық зерттеп-қарау жүргізу әдістемесін әзірлеу мен бекітуге бағытталған түзетулерді енгізді. Бірқатар жаңа ұсыныстар уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындар қатарынан Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті ұйымды белгілеу тәртібін нақтылауға бағытталған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді