"Жеке көлік, жүргізуші деген жоқ". Мәжілісмен Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтты

Жаңадан сайланған депутат Дәулет Мұқаев қызметтік көлігі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, депутаттарға жеке көлік, жеке жүргізуші берілмейді. Тек белгілі уақыт аралығында пайдалануға рұқсат етіледі."Депутатта жеке көлік, жеке жүргізуші бар" деп көбі ойлайды. Ал шын мәнінде олай емес. Бізге берілетін лимит - бір айға 75 сағат. Оның өзінде тек жұмыс бабымен. Жеке өмірің үшін (мысалы, баланы мектепке апару, туған-туысты тасу) пайдалануға рұқсат жоқ. Үйден алып кетіп, жұмысқа алып келеді. Немесе керісінше. Жеткен кезде уақыт есептеледі, жүргізуші берген арнайы қағазға қол қоямыз. Әр депутатқа жеке код береді. Ол - құпиясөз. Тапсырыс берерде соны айту керек", - дейді депутат. Сондай-ақ, депутат қызметтік көліктердің маркаларын, жүргізушілердің ауысып отыратынын айтты. "Ең қызығы, жұмыстан қайтарда ерте тапсырыс бермесең, көлік жетпей қалуы мүмкін. Немесе күту керек. Мысалы, мен өткен аптада сағат 18:10-да тапсырыс беріп едім, "алдыңызда 40 тапсырыс бар. Күтіңіз" деді. Күтпей, таксимен қайттым. Содан бері көмекшім сәл ертерек қоңырау шалып, тапсырыс беріп қоятын болды. Көлікке келер болсақ, Toyota, KIA көліктері жүреді. Жүргізушілер де ауысып отырады. Нақты бекітілген көлігіміз, жүргізушіміз жоқ", - деп жазған ол. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында демалыс аймағы өртенді
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Алматыда Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтары қойылды
Алматы халықаралық әуежайында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Бахрейн Корольдігінің де Тәуелсіздік күні
Алматыны қалың қар басты
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Талғар қаласының жаңа әкімі сайланды
Қазақстан әлемдегі үздік ондыққа кірді
Желтоқсан – Тәуелсіздігіміздің ұлы рухы
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай гүл қою рәсімі өтті
Алматы әкімі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды
Тәуелсіздік – әрбір қазақстандықтың өміріндегі маңызды құндылық
Тәуелсіздік күні – әрбір қазақстандық үшін ерекше дата
Тәуелсіздік – бейбітшілік пен бірліктің бастауы!
Бүгін қазақтың бұлбұлының туған күні!
Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымының докторы: Тұғырлы тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Әлімжан Хамраев, ҚХА мүшесі: Тәуелсіздіктің мән-маңызы жоғары
Бибігүл Төлегенова елімізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ тіледі
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндет
Асанәлі Әшімұлы, Қазақстанның Еңбек Ері: Тәуелсіздікті ұстап тұру – ең басты міндетіміз!
Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның тағы бір өңірінде жолдар ашылды
Тәуелсіздік – ең асыл мұратымыз