"Жеке меншік клиникаларды ешкім қадағаламайды", - психиатр

Елімізде әрбір бесінші жас лудоман десек, ресми түрде есепке алынғаны -9. Қазір республикалық психикалық денсаулық орталығында құмар ойынға тәуелді 13 адам ем алуда. Мамандардың айтуынша, ем кем дегенде 1 жыл жүруі қажет. 20 жасынан бастап құмар ойын ойнап, отбасының берекесін қашырған қарағандылық жігіт лудомандарды емдейтін жеке клиникада ем қабылдап жатыр. Оған айына 400 мың теңге төлейді. Бір емес, бірнеше мәрте емдік курс қабылдаған Әлихан орталыққа бірнеше млн теңгесін жұмсаған. Әлихан, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Негізі мен де бірінші рет емес, бесінші реабилитация. Төрт реабилитация под давлением, өздері әкелді әке-шешем. Осы жолы мен өзім келдім. Өзім кінәлі деп есептеп жүргенмін. Ата-аналарым маған ақша төлеп реабилитацияға, қалай мен срывқа кеттім деп. Жеке клиникада ем қабылдаған лудомандардың дені Әлихан секілді мұнда қайта айналып келеді. Себебі ондағы ем-дом шараларын науқас өзі қалаған уақытта тоқтатып, қалаған уақытында қайта жалғастыра алады. Ал лудомания -ұзақ уақытты қажет ететін сырқат. Сондай-ақ бұл жеке клиникалар денсаулық сақтау министрлігіне есеп бермейді. Гүлнұр Атамбаева, ҚР ДСМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ПСИХИАТР ДӘРІГЕРІ: Жеке меншік клиникаларды ешкім қадағаламайды. Олар жеке меншік болғаннан кейін әр клиниканың өз бекітілген программасы бар. Сол программа бойынша науқастарға көмек көрсетеді. Ол жерде арнайы ереже де жоқ. Жеке меншік ауруханаларды қадағалау әзірше, менің ойымша кішкене төмен деңгейде. Талай отбасының ойранын шығарған құмар ойынды тоқтату үнемі айтылып келеді. Қазір ойын бизнесі туралы заң жобасы Мәжілісте талқыланып жатыр. Халық осы заңның тезірек қабылданғанын асыға күтіп жүр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Лото клубтарды жабу керек, ол жастарға өте көп зиян келтіреді. - Отбасыға зиян, жастарға да зиян. Қазір қаптап кетті ғой. - Қарызға батып жатыр. Жерін сатып жіберетіндер бар. Негізі жапқан дұрыс, ойын құмарлар азаяды. - Жасөспірім бала-шаға бар дегендей, олар оны көреді, оны ойнайды. Жабу керек. Лудомандарды емдейтін орталықтардың құны бір адамға айына орта есеппен 500 мың мен 1 млн теңгенің арасында. Мамандардың айтуынша, бір адамның еміне 2-3 млн теңге кетеді. Ойын құмарлар осынша қаражат жұмсағаннан кейін бәс тігуден бас тартса жақсы. Көп жағдайда олар орталықтың есігін қайта қағады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды