Әнші Бақыт Шадаева "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасының жүргізушісі Анна Данченкоға ренішін білдірген болатын. Жүргізуші өнер иесінің бұл реніші орынсыз екенін айтып, жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Анна Данченко әншіге жазылған жауабын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, кей адамдар өзінен емес, кінәні өзгеден іздейді."Сіздің сұхбаттан кішігірім бөлігін қиып алып, басқаша мағынада жазған сайттар үшін неге жауапкершілік алуым керек? Түсірілім барысында кейіпкер айтқысы келмеген нәрсе монтаж кезінде өшіріледі. Сіздің жеке өміріңізге араласпадым. Айтуға болмайтын дүниеден айналып өттім. Күйеу балаңыз туралы айтқанда әңгімені барынша жұмсартып, "ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, керісінше күйеу балаңыз ақылды, оқыған" деп бұл әңгімені жылы жаптым. Қызыңызбен сөйлескенде де, оған қиындық туындамас үшін орысша сөйледім", - деп жазды Анна Данченко.