Кадрлардан ер адамның әйеліне сыйлық беріп жатқанын көруге болады. Кейін үлкен қораптың ішінен тісіне гүл қыстырған басқа бір ер азамат шыға келеді.Видеода «Жарайсың!» деп айқайлаған дауыстар шығады. Бұл видеодағы оқиға әзіл ретінде де жасалған болуы мүмкін. Алайда мұндай әзілдің өзі желі қолданушыларының ызасын келтірді. «Әйелін қызғанбаған еркек жәннаттың исінде искей алмайды деген хадисте», «малдан айырмашылығың қалмапты ғой», «мынау не масқара,осындайларды жауапқа тарту керек», «бұл қылықтарын қолдамаймын», «құтылудың амалы сияқты», «өтірік түсірілім болар», «осындай ой салғандарға айыппұл төлету керек», – деп шүйлікті оқырмандар.