Әлеуметтік желіде Оралдағы жаңа үйдің қабырғасы қақырап құлағаны туралы видео тарады. Тұрғындардың айтуынша, бұл үйді "Алтим" компаниясы 2015 жылы салыпты. Бірақ көп уақыт өтпей үйді безендіру үшін қабырғаның сыртынан қаланған қызыл кірпіш ыдырай бастаған. Тұрғындарға қауіп төндірген аумақты жергілікті әкімдік қоршауға мәжбүр болған. Кейін алдағы жазда жөндеу жүргіземіз деп уәде беріпті. Орал әкімдігі бұл тұрғын үй өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында салымшылар үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" (қазіргі Otbasy Bank) салғанын айтты. Нысанның жалпы құны – 650,8 миллион теңге. Мердігерлік ұйымның кепілдік міндеттемелері екі жыл. Ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізіліп, қаптаманы алып тастау туралы шешім шығарылыпты. Күн жылына мердігер мекеме халыққа қауіп туғызған қабырғаның қаптамасыН түгел алып тастады.