Статистикалық мәліметтерге қарағанда, алданып, ақшасынан айрылып қалғандардың басым бөлігі -электронды сауда жасағандар. Онлайн несие рәсімдеушілер азаймай тұр. Алаяқтар қалай әрекет етеді? Мәселенің мән-жайын әріптесім, Ақбота Базарбай жалғастырады.Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ: Қазір адамның әдеттегі күнін интернетсіз елестету қиын. Үйден шықпай-ақ жұмыс істеу немесе азық-түлік сатып алу өте ыңғайлы. Тамақ істеп те керек емес, қалаған асыңызды таңдап, бір батырманы бассаңыз болды, санаулы минутта тамағыңызды курьер есігіңіздің алдына дейін әкеліп береді. Ол үшін әрине, өзіңіз туралы ақпаратты, яғни, аты-жөніңізді, телефон нөміріңізді, мекен-жайыңызды, тіпті картаңыздың шотын да енгізуіңіз керек. Ал бұл қаншалықты дұрыс? Біржан ЕРЕЖЕЕВ, IT МАМАН: Ол ақпараттар мошенниктерге қолайлы болады қандай да бір взлом болса сол ақпараттарды пайдаланып, банк карточкалары арқылы өз шоттарына аудару, телефон нөмірі арқылы хабарласып, қауіп төндіруі мүмкін. Айтып ауыз жиғанша, әріптесіме белгісіз нөмірден қоңырау келді. Тұтқаны көтерген бойда, өзін белгілі бір компанияның менеджері деп таныстырып, аты-жөнін, жеке сәйкестендіру нөмірін сұрады. Желіге тіркелу үшін жеке ақпараттарын жазып, телефон нөмірлерін енгізетіндер көп. Сол арқылы хабарласатындар барлық жолмен керек ақпаратын алуға тырысады. БЛИЦ: - Көбінесе мен өзімнің картамды, удастоверение личности ешқайда бермеймін. Бірақ аты-жөнім, нөмірімді жазамын. - Бірінші сайтты тексеріп аламын, ол нақты сайт па? Өзекті ме мысалы? - Мен толтырмаймын. -Неге? -Небезопасно деп ойлаймын. Алаяқтықты кәсіп еткендер көбіне шет елдерде тұрады. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні интернет алаяқтық – ең жиі жасалатын қылмыс түрлерінің бірі. Сондықтан желіні қолдану үшін де сауаттылық керек дейді. Әлайдар ӘМІРСЕЙІТ, КИБЕР САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ: Кез-келген желіні бұзуға болады. Егер желі мемлекеттік болмаса, аты-жөніңізді куәліктегідей жазу мүндетті емес. Атыңызды қате айтқан адам сізге аса сенім ұялатпайтыны анық. Сондықтан өзіңіз туралы бәрін шынайы жазудың қажеті жоқ. Қазақстанда жыл басынан бері интернет алаяқтарға алданып қалған 36 мыңнан астам адам тіркелген. 3 мыңға жуық онлайн несие рәсімделген. Яғни дәл осынша адам қолына ұстап та көрмеген ақшаны банкке төлеп жүр.