Ұят болған екен, ағаны қолына алатын бір адамның табылмағаны ма?Қазақтың біртуар ақыны Мұхтар Шаханов пен халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың кездескен сәтінен видео таралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Бейнежазбадан байқағанымыз, орындықта отырған Мұхтар Шаханов жанына қарай бергенде әнші Нұрғали Нүсіпжановты көріп, орнынан атып тұрды. «Ойбай», «Дұрыстап қарап алайыншы» деп ардақты азаматтар бір-бірін құшақтады. «Елге танылған әндердің кіндігін кескенмін», - деп Нұрғали Нүсіпжанов атап өтті. Ал ақын Мұхтар Шаханов әншіге деген құрметін айтып, ыстық ықыласын жеткізді. Шәмші Қалғантабақов деген композитор болған. Қалдыаяқ қалған табақ қой енді. Сол Қалғантабақ екеуміз 16 әнді бірге жазыппыз. Ақ бантиктен басталады. Соның бәрін алғашқы рет орындаған осы кісі . Сізге деген құрметім ерекше. Сіз қазақтың өзгеше перзентісіз. Сонау жас кезімнен бастап көптеген әндерімді бірінші рет шығарған өзіңізсіз. Сізді ерекше құрметтеймін, - деп ақын ағынан жарылды. Желі қолданушылары Мұхтар Шахановтың қарттар үйінде отырғанына байланысты пікір білдіріп жатыр. «Түсінбедім, Мұхтар ағамыз қалайша Қарттар үйінде...», «Ұят болған екен, ағаны қолына алатын бір адамның табылмағаны ма?», - деген пікірлер жазылып жатыр. Кейіннен видео авторы «Ағамыздың жағдайы жақсы. Шипажайда демалып,ем алып жатырған сәті», - деп жауап берген.