Қызылшаға қарсы екпе егуден бас тартқан ата ана көп. Салдарынан вирус балалар арасында кең тарауда. Қазір ауруханада жатқандардың 83 проценті - вакцина алмаған. Денсаулық сақтау министрлігі екпеге қарсылық таныту қауіпті аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін, - дейді. Желтоқсан айында вирусқа қарсы 1 млн доза екпе жеткізіледі. Ол алдымен 100 мың балаға салынады. Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ: Егер сіздердің 5 жасқа дейінгі балаларыңыз болса, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балаларыңызда екпелердің бар-жоғын тексеруді сұраймын және міндетті түрде қосымша жаппай иммундау аясында екпе алуды ұмытпаңыз.