Жем өзені 31 жылдан кейін Каспийге құя бастады

 Каспий теңізіне су тасқынынан кейін тасыған Жем өзені құйып жатыр. Соңғы рет бұл су арнасы осыдан 31 жыл көтерілген. Бұл туралы KAZINFORM хабарлайды.Өзен суларының теңізге құюынан кейін Ақтауда жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, жағадан ұзап кеткен судың қайта көтерілгенін айтуда. Сонымен бірге, бұл туралы республикалық телеарналар теңіз суының молая түскені туралы сюжет көрсеткен болатын.Алайда маңғыстаулық белгілі эколог Орынбасар Тоқжанов мұны жоққа шығарды.Оның айтуынша, бұның барлығы Каспий теңізінде жел кезінде болатын қалыпты құбылыстың салдарынан болады.«Каспий суының деңгейі көтерілді деген хабар шындыққа еш жанаспайды. Себебі, бұл аз ғана күнде жүзеге асатын құбылыс емес. Жайық арнасынан асты деген қауіп туындағанымен, әзірге өзеннің мол суы Атырау облысына жеткен жоқ. Сондықтан әзірге Каспийге жылдағыдан мол су құйыла қоймады. Әрі солай болған күннің өзінде бұл жағдай теңізге тиген тамшыдай ғана әсер етеді. Ал тұрғындардың жағалаудағы су көтерілді деп жүргені ол желге байланыс нәрсе. Мәселен, жел құрлықтан теңізге қарай соқса, су жағадан алыстай түседі. Ал керісінше соқса құрғап қалған жағалауға су келе бастайды», - дейді эколог.Оның сөзінше, Каспийдің солтүстігінде Бозащыда бірнеше жылдар бұрын теңізден құрлыққа соққан желдің салдарынан су он шақырымға дейінгі аумаққа жайылып, тұрғындарға зиянын тигізген көрінеді.Сонымен қатар, биыл тасыған Жем өзені 31 жылдан кейін алғаш рет Каспий теңізіне құйып жатыр.«Жем өзені соңғы реті 1993 жылы теңізге келіп құйды. Оның алдында 1965 жылы тасыған еді. Одан бұрын 1942 жылы көктемде су көтерілген. Оның ұзақ жылдар бойы тартылуына өзеннің басталатын аумағында қар жұқа түсіп, жауын аз болғаны кесірін тигізеді», - дейді эколог.Эколог теңізге келетін тұщы судың Каспийдегі жәндіктерге әсері туралы да атап өтті.«Каспийге құятын 130 өзеннің барлығының суы тұщы. Сондықтан оның су жануарларына, балықтарға ешқандай әсері болмайды. Жалпы, теңіз бен мұхитқа құятын кез келген өзеннің суы тұщы. Сондықтан оның бәрін теңіз жұтып алады да судың жайы өзгереді. Бұдан келетін ешқандай қауіп жоқ», - дейді О.Тоғжанов.Жалпы, 1930 жылы Каспийдің жалпы ауданы 442 мың шаршы километр болса, соңғы жылдары шамамен 371 мың шаршы километрге дейін азайып, тоқсан жыл ішінде он жеті пайызға дейін кеміген. Ал 2008-2023 жылдар аралығында теңіздің қазақстандық бөлігі тағы 8121,5 шаршы километрге азайғаны белгілі болып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Әзербайжан Премьер-министрі Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне барды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды