"Жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынып жатқан мектептердің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады", - вице-министр

Жемқорлардан тәркіленген қаржы 62 мектептің құрылысына жұмсалды. 16 өңірде 76 мың орынға арналған білім ошақтары жаңаруда. Нәтижесінде апатты және үш ауысымда білім беретін мектептер азайды. Мемлекет қаржысын жымқырғандардан 151,6 млрд теңге қайтарылған. Қаржы білім беру инфрақұрылымын дамыту қорына жиналды. Еділ ОСПАН, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Негізінен апатты, үш ауысымды және оқушы орын тапшы мектептер мәселесін шешуге бағытталды. Министрлік қазіргі таңда осы мектептердің құрылысына тұрақты мониторингті жүргізіп келеді. Бүгінгі күнгі жағдайға сәйкес 15 мектептің құрылысы аяқталды. Құрылысы аяқталған екі мектеп Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Білім ұйымдарына 684 миллион теңге бөлінген. Бұған дейін ауылдағы оқушылар кітапхана мен мәдениет үйін және жастар ресурстық орталығында білім алған еді. Мамандар мұны құрылыстың толық қаржыландырылмауымен байланыстырады. Сырым ЕРБОЛАТОВ, БҚО ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 1-қыркүйекке дейін аталған мектептердің жұмыстарын толықтай тапсырып аяқтап қолданысқа беру жоспарда тұр. Сонымен қатар ағымдағы жылы оқу-ағарту министрлігімен БҚО-ның Орал қаласындағы №31-мектеп, 400 орындық мектептің құрылысына 2,5 млрд тг қаражат бөлу жөнінде бюджеттік өтінім жолданған болатын. Қаражат бөлінген жағдайда жаңағы мектептің құрылысын бастау жоспарлануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді (ВИДЕО)
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады