Жемқорлыққа белшеден батқан орынбасары үшін аудан әкімі отставкаға кетпей, жазадан жеңіл құтылды

Солтүстік Қазақстан облысында жемқорлыққа белшеден батқан орынбасары үшін аудан әкімі отставкаға кетпей, жеңіл жаза алды.Былтыр Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Серік Құсанов жол құрылысын жеке кәсіпкерге ұсынып, одан 200 мың теңге көлемінде пара алған. Артынша оның теріс қылығын құзырлы органдар әшкерелеп, сот айыпталушыға 3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді. Алайда, прокурорлар бұл шешіммен келіспеді. Ізінше аппеляциялық сот экс-шенеунікті үш жылға бас бостандығынан айырды. Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңға сәйкес орынбасарының жемқор екені дәлелденген соң, аудан әкімі өз орнын босатуы тиіс. Алайда, әкім-қара бұл жолы жеңіл құтылған көрінеді.Айдос ЖҮНІСОВ, СҚО СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚЫЗМЕТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Заң талабына сәйкес Құсановтың жемқорлық құқықбұзушылығы үшін аудан әкімі отставкаға кету жөнінде арыз жазды. Бірақ облыс әкімі бұл арызды қабылдамады. Өңір басшысы оның атына қатаң сөгіс жариялауды жөн көрді. Айта кетейік, бұл Мағжан Жұмабаев ауданындағы жемқорлыққа қатысты алғашқы дау емес. Аудандық білім бөлімінің басшысы бірнеше ай бұрын пара алды деп айыпталып, қамауға алынған болатын. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды