Жеңілдетілген автонесие алу бойынша өтінім қабылдайтын платформа іске қосылады

Жеңілдетілген автонесиені алудың жаңа тетіктері пайда болды. Енді бағдарлама арқылы көлік алғысы келген адам алдымен арнайы сайтқа тіркелуі керек. Өнеркәсіпті дамыту қоры өтінімдерді қабылдайтын жаңа платформаны іске қоспақ. Пилоттық жоба 6 ақпаннан басталады.Жаңа платформаға өтінімдерді 6 ақпан күні сағат 10-нан бастап беруге болады. Ол үшін автонесие.кз деген ресми сайтқа кіріп, өтініш тастайсыз. Компьютер, электрондық-цифрлық қолтаңба мен интернет болса болғаны. Сондай-ақ автоөндірушілерді алдын ала таңдау шарт. Платформаға тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге болады. Дархан АЙДАУЛОВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АВТОКӘСІП ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ДИРЕКТОРЫ: 2022 жылдың мамыр айынан бастап автоөндірушілер ӨДҚ желісі бойынша жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша сатып алған 12, 6 мыңнан астам автокөлікті жеткізуді қамтамасыз етті. Бүгінгі таңда екі өндіруші де бағдарламаға қатысушыларды автокөліктермен қамтамасыз етуге дайын, бұл белгілі бір модельдер, түстер мен комплектациялар. Бүгінгі күні қазақстандықтарды қызықтыратын басты сұрақ - жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына қатысушыларға автокөліктер жете ме? Әлемдік автонарықтағы жаһандық тапшылықты геосаяси жағдай, логистиканың бұзылуы, жартылай өткізгіштер дағдарысы ушықтырды. Алайда бұл ретте қазақстандық зауыттар қазақстандықтар үшін көбірек автокөлік шығару үшін қиындықтардың шешімін табуда. Александр АБРАМОВ, HYUNDAI ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ: 2022 жылы Хёндэ Транс Қазақстан зауыты 37 мыңнан астам автокөлік шығарды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 43%-ға артық. 2023 жылға кәсіпорын өндірісті 50 мың автокөлікке дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Егер бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер бұл жолы автонесие.кз порталында тіркелуге үлгермесе, олар келесі айда тіркеліп көре алады. Өнеркәсіпті дамыту қоры хабарлағандай, егер жеңілдік бағдарламасы бойынша бұрын автокөлік сатып алғандар өз кредиттерін уақытында өтейтін болса, онда бұл қаражат басқа қазақстандықтарға берілуі үшін банктерге жіберілетін болады, бұл шамамен 1-2 млрд теңге, яғни ай сайын шамамен 100-150 адам жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасы бойынша автокөлік сатып ала алады. А. Базарбайhttps://youtu.be/WryyJLMt4t8

Читать источник astanatv.kz/kz/
Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Қазақстан аумағында 13 халықаралық дәліз жұмыс істейді
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті