«Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында жолаушылар автобусы сатып алынады», - Марат Қарабаев

Автокөліктер үшін жеңілдетілген несие беру тоқтатылады. Енді бұл мақсатқа қаралған қаражат автобус сатып алынуға бағытталады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.Тамерлан жеңілдетілген автокөлік аламын деп кезекке тұрған. Алайда, қуанышы су сепкендей басылды. Себебі бағдарлама аяқтала ма деп алаңдаулы. Тамерлан, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен көлік алу үшін өтініш бергеніме 1 жылдай болды. Үнемі үлгермей қаламын. Енді аяқталады дегенді естігенде көңілім түсті. Мүлдем жауып тастамайтын шығар. Осыған ұқсас бағдарлама болуы керек деп ойлаймын. Министр негізгі басымдық автобустар мәселесі тұрғанын айтып, жедел шешу керек дейді. Айтуынша қоғамдық көліктерге күніне 9 млн 300 мың адам отырады. Сондықтан қаражатты автобустар сатып алу тиімді көрінеді. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Жеңілдетілген автонесиеден түскен қаражатты қоғамдық көліктерді несиелендіруге қайта бағыттау мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Біз бірқатар облыста болдық, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері автопарктерді несиелендіру мәселесін көтеріп жатыр. Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайызы, Талдықорған мен Оралда 70 пайызы тозған. Алда қолда бар қаржыны барынша тиімді пайдалану міндеті тұр. Ал автосарапшылар бұл пікірмен келіспейді. Себебі халыққа қолайлы емес. Су жаңа темір тұлпар тізгіндегісі келетіндер көп. Сондықтан, керісінше, қаржыландыруды арттыру керек деп есептейді. Диас НҰРАҚЫН, АВТОСАРАПШЫ: 4% дегенің халыққа өте тиімді. Өйткені алғашқы жарнасы жоқ оның. Ай сайын төлейтін төлемі өте аз. Алғашында бұл бағдарла ма 30 жылға бағытталған, 30 жылға арналған, 30 жыл бойы жұмыс істейді деп жарнамасын жер жарғызып министрлер таныстырып еді. Бірақ 30 емес 1 жылға жетпей бұл бағдарламаның соңы сұйырқұйымшықтанып кетті. Қазақстанда жеңілдетілген автонесие берудің екі бағдарламасы бар. Министрлік тек біреуі қайта форматталады деп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Садриддин Ахмедов америкалық боксшыны техникалық нокаутпен жеңді
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды