Жеңілдетілген автонесие алушыларға бастапқы жарна міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты. Бағдарламаға көлігі барлар енді қатыса алмайды. Сондай-ақ, айлығы белгілі бір шекті мөлшерден асатындарға 4 пайыздық несие берілмеуі мүмкін. Ал көлікті алғандардың аты-жөні жарияланады. Қазір бұл өзгерістер талқыланып жатыр. Бір айдың ішінде аяқталады деді министр. Және бағдарлама ай сайын емес, қаржының жиналуына байланысты өткізіледі. Қазірдің өзінде 4 млрд теңге қайтарылған.Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді қарастырып, көбірек көлік беруді қарастырамыз. Сондай-ақ белгілі бір жалақысы барларға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап белгіленді. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп аяқтауды көздеп отырмыз.