Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына өзгерістер енеді

Үкімет отырысының кулуарында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев автонесиелу туралы айтты.«Автонесилендіру бойынша екі мәселе бар. Біріншіден, біз әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиелендіруді жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін 4 млрд теңгедей қаржы қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда 5 млрд теңгедей қаржы қайтарылған соң қайта бастауы керек. Бұл – бірінші мәселе», - деді ол. Қарабаев автонесиелеу бағдарламасы қайта қаралатынын айтты. «Бұл жерде бірнеше мәселе бар. Автонесие арқылы көлік алғандардың тізімін жариялау. Екіншіден, бастапқы жарна болмайтын. Енді ол бойынша 10% бастапқы жарна енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді қарастырып, көбірек көлік беруді қарастырамыз. Сондай-ақ белгілі бір жалақысы барларға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап белгіленді. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп аяқтауды көздеп отырмыз», - деді ол. Министр көлігі барлардың бұл бағдарламамен көлік ала алмайтынын айтты. Айта кетейік, осыған дейін бағдарлама бойынша 761 қазақстандық 18 секунд ішінде өтініш беріп, көлік алған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты