Жеңіс Қасымбек Астанадағы көлік кептелісі мәселесі қалай шешілетінін айтты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында қала көшелеріндегі көлік кептелісі жаңа көпірлер ашу арқылы шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.Елорда әкімінің сөзінше, бұл сұрақ қалада әлі де өзекті болып отыр."Достар! Маған жол-көлік желісін дамыту бойынша сұрақтар түсіп жатыр. Осыған байланысты атқарып жатқан жұмысымызға қысқаша тоқталып өтейін. Қалада 430 мыңға жуық автомобиль бар. Күн сайын облыстан қалаға қосымша 90 мыңға жуық көлік кіріп-шығады. Жол-көлік желісін жүйелі дамыту үшін көпірлер, көлік қиылыстары, жаңа көшелер салу, жол жөндеу жұмысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр", - деді қала әкімі.Жеңіс Қасымбек қарбалас уақытта көлік көп жүретін учаскелерге Мәңгілік ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары, Сарайшық, Қонаев көшелері жататынын айтты."Биыл жыл соңына дейін Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпірде көлік қозғалысын ашу бұл мәселенің ішінара шешімі болмақ. Бұл көпір жолдардағы кептелісті едәуір жеңілдетуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді", - дейді ол.Ал келесі жылы елордада Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуды бастау жоспарланып отыр екен. Бұл өз кезегінде қаланың жаңа бөлігіндегі Мәңгілік ел, Қабанбай батыр даңғылдарында, Түркістан, Керей-Жәнібек хандар және Айтматов көшелерінде көлік кептелісін сейілтеді."Келер жылы Кенесары көшесінің бойында (ҚазГЮУ университеті ауданында) Есіл өзені арқылы өтетін тағы бір көпірдің құрылысын бастау жоспарда бар. Былтыр Ұлы Дала даңғылының бойындағы жаңа көпір мен А62 көшесінің бойында (А91 көшесінен Астана-Қарағанды тас жолына дейінгі учаскеде) көлік қозғалысы ашылған болатын. Бұл да бірнеше көшедегі көлік қозғалысын жеңілдетті", - дейді әкім.Елорда әкімі қоғамдық көліктер бойынша да қандай жоспарлар бар екенін айтты."Сонымен қатар, биыл қалаға 400-ге жуық автобус енгіземіз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде желіге шығарылды", - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Гвардиола Поль Погбаны "Сити" қатарынан көргісі келеді
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
АҚШ долларының бүгінгі бағамы қанша?
Жамбыл және Түркістан облысында жолдар ашылды
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
"Жалған ақпараттар таралып жатыр": Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы қайғылы оқиға: желіде боттар мен фейктер тарап кетті
Қазақстанда автокөліктер үшін «орташа жылдамдық» ұғымы енгізілді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Трамп ABC News-тен 15 миллион доллар өндіріп алды
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды